Сұйытылған газ бен болат дайындамаларды экспорттауға салынған тыйым ұзартылды
Қазақстанда сұйытылған газ бен болат дайындамаларды экспорттауға тыйым салу ұзартылды. Бұл туралы Үкіметте өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысынан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі бұған дейін сұйытылған мұнай газының шекаралас елдерге көптеп кетуін және ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау үшін сыртқа шағаруға тыйым салынғанын түсіндірді.
Сондай-ақ, болат дайындамалар мен жартылай фабрикаттарды елден әкетуге тыйым салу алты айға ұзартылды. Сауда министрлігінде атап өткендей, бұрын қабылданған шектеулер металлургия өнеркәсібінде терең өңдеуге қайта бағдарлау және арматура экспортын 30 мың тоннаға ұлғайтуда оң нәтиже берді.
Бұдан басқа, Қазақстанға ЕЭО-ға кірмейтін мемлекеттерден гипсокартон мен тас өнімдерін әкелуге үш айлық тыйым салу туралы ұсыныс қолдау тапты.
Отандық гипсокартон және тас бұйымдарын өндірушілер осы өнім түрлеріне қолданыстағы бағаларды сақтау бойынша міндеттеме алды», деп түсіндірді Сауда министрлігі.
Бұған дейін Қазақстанның елден сұйытылған газ бен пропанды шығаруға тыйым салуды 2025 жылғы 14 мамырдан бастап ұзарту жоспары туралы хабарланған болатын. Энергетика министрлігі бұйрығының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады
- Дәрігерлер әйелден салмағы алты келіден асатын ісікті алды
- Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойына ай сайын 1 миллион теңге зейнетақы береді
- Алматыда орталық қалалық ауруханаға 2,5 млн теңге айыппұл салынды
- Астанадағы мектепте төбелескен оқушылар арнайы оқу орнына жіберілуі мүмкін
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті