Суицидке итермелегені үшін 9 жыл
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда суицидке итермелегені үшін 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Заң жобасындағы өзгерістердің бірі – суицидтің алдын алу мақсатында қылмыстық кодекске жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілген. Олар: өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу және оны насихаттау. Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» секілді ойындар әлеуметтік желілерде тараған болатын.
«Өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр», – дейді заң жобасын қорғаған депутат Жұлдыз Сүлейменова.
Заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.
Заңға тағы қандай нормалар ұсынылып отыр?
Бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді. Заң жобасында, депутаттар келесі негізгі нормаларды ұсынды:
- Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшішік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;
- Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру.
- Отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.
- Педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылып отыр;
- Өз-өзіне қол жұмсауға насихаттау үшін, немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
- Балаларға арналған интернат ұйымдарына алдын-ала ескертпей ақ, кез-келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық