Суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп екі мұғалім мерт болды
Фото: freepik.com
БҚО-да суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болған екі мұғалім мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай болған күні мұғалімдердің бірі отбасымен өзен жағасында демалып отырған. Ал өзенде жасөспірім қыз бен екі ер адам болған. Кенет қыз суға бата бастаған. Қыздың ағасы көмекке барған. Кейін жағада отырған ер адамда көмекке ұмтылған. Олар қызды құтқарғанымен өздері жағаға жете алмады. Құтқарушылар келгенше тұрғындар судан 25 және 37 жастағы екі ер адамның денесін алып шыққан.
Марқұмдардың бірі Абай ауылындағы мектепте ағылшын тілінен сабақ берген. Оның артында жары мен бес баласы қалды.
Ал екіншісі Астанадағы Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM мектебінің физика пәнінің мұғалімі болған. Ол осы айда шаңырақ көтеремін деп ауылға барған екен.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 15 тамыз күні тағы бір Alphard апатынан төрт адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық