Сүлейменшілер сойқаны: «Жібек жолы» қауымдастығының артында кімдер тұр?
Қазақстанда өздерін «медресе» деп атап, қоғамға қауіп төндіретін мекемелер әшкереленді. «Айтамыз» ток-шоуында қонақ болған геосаяси зерттеулер институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы әрі дінтанушы Асылбек Ізбаиров атышулы «сүлейменші» діни ағымы Түркиядан келгенін атап өтті.
«Айтамыз» ток-шоуының жүргізушісі, журналист Асқарбек Қазанғапқа сүлейменшілер жамағатына қатысты бағдарламадан кейін белгісіз біреулер хабарласып, қорқыту-үркітулер болған.
«Бағдарлама шықпай жатып байбаламға салған сүлейменшілердің жақтаушыларына айтарым- ит үреді, керуен көшеді. Анонстан соң звондаған, қарғап, аузына келгенін оттағандар көбейді. Жеке басқа өтіп шектен шыққандарын блокқа тығып жатырмын. Ертең арандатудың құрбаны болмас үшін бүгін осы үндеуді жариялап отырмын! Қазақстан заңын мойындамайтын, Америка мен Түркияға арқа сүйейтін Нұрбақыт Меллет секілді «Жібек жолының» жақтастарын жауапқа тартуды сұраймын!» деп жазды журналист facebook парақшасында.
Orda.kz тілшісі «Айтамыз» ток-шоуының жүргізушісімен хабарласып, оқиғаның мән-жайын білді. Оның айтуынша, «Жібек жолы»қауымдастығына қатысты бағдарламадан кейін қысым күшейген. Нұрбақыт Меллет есімді азамат Қазақстанның заңынан қорықпайтынын айтып, журналисті балағаттаған. Азаматтың «Америка мен Түркия мені қандай жағдай болмасын алып кетеді» деген пікірі күмән тудырады.
«Ә дегенде әлеуметтік желі арқылы балағаттауын бастады. Фейсбук, инстаграмның аудиосымен толассыз қоңырау шала бергесін блокқа тықтым. Одан кейін ортақ танысымның ватсапына байланысқа шығып, мені қорқытып-үркіткен аудиолар жазған. Бір хабарламасын маған жіберіп үлгерді. Нұрбақыт артынша чаттағы аудиоларын өшіріп тастаған. (Барлық скрині сақтаулы). Секем туғызғаны оның қорқытуы, балағаттауы емес. «Қазақстанның заңынан қорықпаймын, Америка мен Түркия мені қандай жағдай болмасын алып кетеді» деп еліргені, сондай-ақ фейсбуктағы жазбамның астына Мүфтиятты мойындамай боқтауы оның артында үлкен күш тұрғанын аңғартты. Осы уақытқа дейін 30 жылдың ішінде 92 пансионатын ашып үлгерген Жібек жолы қауымдастығының бетпердесін шешетін мұндай 1,5 сағаттық бағдарлама шықпаған. Ток-шоуда мүфтият, Нұр-Мүбәрак, геосаяси зерттеу институтының білікті мамандары олардың жасырын құлшылығы, жымысқы мақсаттарын ашып айтты. Осы ток шоуға оларды шақырғанмен, өздері бас тартты. Ютубқа ток шоу шыққасын осы жамағаттың жақтастары маған әлеуметтік желі арқылы шабуылын бастап кетті. Әлі де жалғасып жатыр. Жала жапты деп келіспесе, оларды тыңдауға, бағдарламаның жалғасын түсіруге дайынбыз. Бірақ, олардың ондай ойы жоқ» деді Асқарбек Қазанғап.
Нұр-Мүбәрак» университеті жанындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы Салтан Сайранұлы сүлейменші жамағатына қатысты анықтама берді.
«Сүлейменші – Түркияда тараған жамағат. Сүлеймен Хилми Тунахан деген ғалым бар. Ол кісінің жеке басына қатысты ешқандай мәселе жоқ. Сүлеймен Тунаханның өзі накшбанди тарихатының 33-ші өкілі ретінде саналады. Қазақ дүниетанымында да сопылықты жоққа шығармаймыз. Сопылық – ата-бабамыздан келе жатқан жол. Сүлеймен Тунаханнан кейін ұстаз болмаған соң ұстазға қол тапсыру үшін де рухани байланыс орнату мәселесі туады» дейді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық