«Суды ысырап қылуда көш бастап тұрмыз»: - Қанат Бозымбаев
Фото: Ашық дереккөзден
Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев оңтүстікте су үнемдеу технологияларын жылдамдатып енгізу керегін жеткізді. Бұл туралы ол «Global Water» атты су үнемдеу технологияларына арналған бірінші халықаралық форумда мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Егер су мәселесіндегі ішкі қатерлер проблематикасы туралы айтар болсақ, бұл да көбімізге жақсы мәлім. Бізге қазір су пайдаланудың өнімділігін арттыру үшін қарапайым, түсінікті, шындыққа үйлесетін шаралар керек. Қолда бар су ресурстарын үнемді пайдалану мәселесі өзекті болып тұр. Әзірше біз суды өте-мөте рәсуа етіп пайдаланамыз. Суды рәсуа ету бойынша өңірде «көш бастап» тұрмыз. Тіпті әлем бойынша да осындай деңгейдеміз деп айта аламын», - деді президенттің кеңесшісі.
Одан бөлек, ол ауыл шаруашылығында су пайдаланудың тәсілдері қайта қаралатынын тілге тиек етті.
«Ауыл шаруашылығы туралы айтсақ, Мемлекет басшысы түрлі субсидияларды су үнемдеу технологияларын пайдалану деңгейіне байлап тастау туралы кешенді тапсырмалар берді. Бізге су үнемдеу технологиялары мен тиімді ирригация тәсілдерін бүкіл жерде енгізу қажет. Бұл, әсіресе, оңтүстік өңірлерге қатысты. Биыл осы бағытта белсенді жұмыс басталу керек», - деді Қанат Бозымбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық