Судья Бекет Тұрғараев өзіне кесене салдырып қойған ба?
Коллаж Orda.kz
«Қазығұртта Бекет Тұрғараев өзіне кесене салдырған. Судьялардың парақорлық деңгейі осындай» деген видео дау тудырды.
Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты оқырмандардың бірі былай деп пікір қалдырыпты: «Маңғыстауда – пір Бекет, Қазығұртта – сот Бекет». Бекет Тұрғараевтың ұзақ жылдар сот саласында қызмет еткенін көрсетсе керек.
Қазығұртта шынымен экс-судья өзіне кесене тұрғызды ма деген оймен Orda.kz тілшісі Түркістан облысына жолға шықты. Бекет Тұрғараевтың мавзолейі бар ма деген оймен әлеуметтік желіні қарадық. Мавзолей авторы видеодан кейін бірнеше сұхбат беріп те үлгеріпті.
Батыс Қытай- Батыс Еуропа тас жолының Шымкент қаласынан Ташкентке барар жолдың бойында Сарапхана ауылының аумағында екі еңселі батырдың ескерткіші қарсы алды. Жылқының үстінде отырған халық қаһармандары Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһадүр.

Екі батырдың артында «Батыр бабалар» атты мемориалдық кешені Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай бой көтерген. Мемориалдық кешенді «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының төрағасы Б.Тұрғараев 2018 жылы берілген.

«Мәңгілік ел саябағы» деген аркада Мемлекеттік елтаңба ілініп тұрғанын көріп саябақтың мемлекет қорғауында екенін түсіндім. Саябақ ішіндегі Абайдың қара сөздері, заманауи балаларға арналған алаңша, Әбдірайымұлы Рахманбердінің ескерткіші, Үш биге арналған ескерткіш (ескерткішті орнатқан Төкен Жұмағұловтың фотоснмен тақта орнатылған), «Алаш арыстары» ескерткіші орналастырылған. Барлық ескерткіште «Жоба жетекшісі Бекет Тұрғараев» деген тақтайша бекітілген.


Мемлекеттік қаражатқа жасалған саябақ болса, мұндай болмас еді. Ауасы тамаша, табиғаты керемет. Әсіресе, шырша мен ағаштардың симметриялы түрде егілгені көз қуантады. Бұл саябақта жаяу серуендеп жүргеннің өзі демалыс. Келушілерге арналған дәретхана таза. Сонымен қатар, арнайы іс шаралар өткізу үшін арналған зал мен төрт жаздық алаңша бар екен. Осы жылғы рамазан айында екі рет ауызашар беріліпті.

Атышулы мавзолейдің есігі тарс жабық тұр. Ішіндегі айтылған Бекет Тұрғараевтың әке-шешесінің, әйелінің бюсттерін көре алмай қайттық. Сондай-ақ, саябақ қызметкері сұхбат барысында өздерінің әкімдікке қарайтын қызметкерлер екендіктерін, Бекет Тұрғараевтың анда-санда келіп тұратындығы туралы айта кетті.
Жамбыл жерінде өзіне көзі тірісінде күмбез көтерген
Жамбыл облысына белігілі азамат, мәдениет қайраткері, бірталай жыл облыс әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы болған, «Жамбыл» ескерткішін қоқысқа лақтырғанына төзе алмай, әкімді сотқа берген Әлібек Әмзеұлы 70 жас мерейтойынан жиналған қаражатына көз тірісінде маңғыстаудан алынған ақтастан күмбезін көтеріп қойған болатын. Әлібек Әмзеұлы былтыр коронавирус деген жаман аурудан дүние салған.

Қайтыс болғандарға жер тегін беріледі, қызметі ақылы
Өздері қайтыс болмай жатып, өздеріне, әке-шешесіне, әйеліне жер сатып алатын адамдар көп па деген сауалмен «Арнайы рәсім көрсету» ЖШС директоры Қадырхан Абдуллаевпен телефон арқылы сұхбаттасқан болатынмын.
«Сондай жағдайлар болып жатыр. Ашығын айтқанда, алдын ала өздері айтып қояды. Шариғат бойынша да, ата-бабаларымыздың дәстүрі бойынша болмайды ғой деп қанша айтсақ та, тыңдап жатқан жоқ. Бірақ олар санаулы адамдар. Мұның енді бір ұшы ұлттық мәселелерге тиіп кете ме деп, одан да қорқамыз. Зиратта жер сатылмайды. Жер тегін беріледі. Біздің алатын ақымыз қазып бергеніміз 11 500 теңге. Соны орнатып береміз. Ал жер тегін беріледі. Адам басына 6-7 шаршы метрден бөлінген деп заңда да көрсетілген. Одан бізді тыңдап жатқан біреу бар ма? Көпшілік емес» деді Абдуллаев.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық