Судандағы қырғын: Екі күнде көтерілісшілер екі мың бейбіт тұрғынды қырып тастады
Фото: X.com (@African Hub)
Суданның Эль-Фашир қаласында көтерілісшілер перзентханада бейбіт тұрғындарды жаппай қырғынға ұшыратты. Ел үкіметінің мәліметінше, екі күннің ішінде олар екі мыңға жуық адамды өлтірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Судандағы азаматтық соғыс 2023 жылдың сәуірінде басталған. Алайда қазір ел тарихындағы ең қанды кезеңдердің бірі өтіп жатыр. «Жедел әрекет ету күштерінің» (ЖӘК) бүлікшілері биыл көктемнен бері қоршауда тұрған Эль-Фашир қаласын басып алғанын мәлімдеді.
Осыдан кейін Судан үкіметі бүлікшілердің қаланы басып алған соң, екі мыңнан астам бейбіт тұрғынды қырып салғанын хабарлады. Әлеуметтік желіде әскери киім киген адамдардың бейбіт тұрғындарға оқ атып жатқан сәттері көрінетін бейнежазбалар тарап жатыр.
Pembantaian mengerikan sedang dilakukan oleh milisi Pasukan Dukungan Cepat (RSF) dengan dukungan Uni Emirat Arab.
— SW News - SOFT WAR NEWS (@SoftWarNews) October 29, 2025
Uni Emirat Arab tidak punya kekuatan untuk membungkam dunia atas kejahatan yang mereka lakukan di Sudan, kecuali dengan dukungan Amerika-NATO.
Sebagaimana dukungan… pic.twitter.com/t1rPGbWgiF
28 қазанда бүлікшілер Эль-Фаширдегі «Сауди» перзентханасын басып алғаны белгілі болды. Бұл қаладағы соңғы жұмыс істеп тұрған аурухана еді. Көтерілісшілер аурухана ішіндегі науқастарды да аямаған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ресми мәлімдеме жасады.
«ДДСҰ бұл оқиғаны қатаң айыптайды. Алынған деректерге сүйенсек, 28 қазанда Эль-Фаширдегі “Сауди” перзентханасында 460-тан астам науқас пен олардың туыстары өлтіріліп, алты медицина қызметкері ұрлап әкетілген», — деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
Болып жатқан оқиғаға Біріккен ұлттар ұйымы да өз наразылығын білдірді.
«Тараптар бейбіт тұрғындарды қорғау жөнінде мәлімдеме жасағанымен, Эль-Фашир халқының өміріне әлі де зор қауіп төніп тұр. Қалада қауіпсіз эвакуация жолдары жоқ», деп мәлімдеді БҰҰ.
Суданда болып жатқан сұмдық кадрларды нидерландиялық журналист әлеуметтік желіге жариялап отыр.
БҰҰ дерегінше, Эль-Фашир – қырғын болған жалғыз қала емес. Бара қаласында да елуге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Ұйым Судандағы қақтығыстың екі тарапын да келіссөз үстеліне қайта оралуға шақырып, өзге мемлекеттерді бұл соғысты қолдауын доғаруға үндеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық