«Су жоқ»: Топар ауылының тұрғындары наразылық акциясына шықты
Cурет: видеодан скрин
Алматы облысы Балқаш ауданындағы Топар ауылының тұрғындары сусыз қалғандарын айтты. Адамдар ғана емес, мал мен егін де қуаңшылық зардабын шегуде.
Ауыл тұрғындары олардың мәселесінен барлық мемлекеттік органдар хабардар деп отыр. Алайда бұл мәселе үш жылдан бері шешімін таппай келеді. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Топарда тұратын, дәлірек айтсақ, аман қалған екі мың адамның жағдайына назар аударуды өтінген видео үндеу жазды.
Жергілікті әкім су мәселесін шешеміз деп уәде бергенімен, көп ұзамай уәдесін ұмытып кетеді. Қазір ауыл тұрғындарының айтуынша, олардың арыз-шағымдарына мүлдем жауап жоқ.
Топар ауылының мәселесі өткен жылдың өзінде-ақ жазылып, түсірілген болатын. Ол Топар өзенінің таяздануымен байланысты.
— Қазір өзен сағасында тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Іле өзенінің көлемін сақтау мақсатында Қытаймен де келіссөздер жүргізілуде, - деді 2021 жылдың сәуірінде «Хабар 24» телеарнасына Алматы облысының экология департаментінің басшысы Ерасыл Бекжанов.
«Хабар 24» арнасының бір жыл бұрын тараған хабарында Қапшағай су қоймасынан Іле өзеніне секундына 200 текше метр су құйылатыны айтылған. Мамыр айында бұл көлем шамамен екі есеге артуы тиіс. Сонда Топардағы су деңгейі көтеріледі дейді мамандар. Және олар аймақты сумен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу үшін Қытаймен халықаралық келісімдер қажет екенін баса айтқан.
Дегенмен осыдан кейін арада бір жылдан астам уақыт өтсе де, ауыл тұрғындарының мәселесі шешілген жоқ. Мұндай жағдайларға төзе алмаған кейбір тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық