Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға апта соңына дейін өтемақы төленеді
Фото: Ашық дереккөзден
Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге апта соңына дейін өтемақы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бүгінгі күні зардап шеккен 3561 отбасына 100 АЕК көлемінде жоғалған мүлкі үшін біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Осы аптаның соңына дейін барлық зардап шеккендерге өтемақы төленеді» делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.
Зардап шегушінің таңдауына байланысты жаңа үй салынады немесе нарықтан баспана алады. Саяжайларға келетін болсақ, егер саяжайдағы үйі тұлғаның жалғыз үйі болатын болса, оған да осындай ұсыныс болады.
Павлодар облысында демеушілер көмегімен 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендер үшін Арқалық қаласынан 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді; 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.
Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінде зардап шеккен үйлер саны – 9 627, оның ішінде:
- 9610 жеке;
- 17 көппәтерлі тұрғын үй.
2123 үйге жүргізілген техникалық тексеру нәтижелеріне сәйкес 1067 үй қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды, ал 1056 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.
«Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына барынша көмек көрсетуді басты міндет етіп қойды. Су тартылған өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін жасау және бағалау жұмыстарын аяқтап, шығындарды өтеуге кірісуі керек. Бұл ретте, тізімге үйлері сау, ешқандай зардап шекпеген адамдар кіріп кетпеуге тиіс. Комиссиялардың жұмысын ешқандай бюрократияға салмай, жедел ұйымдастыру қажет. Барлық тиісті қызметтер жұмылып, күшейтілген режимде жұмыс істесін», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық