Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге екі миллиард теңгеден астам қаражат төленді
Өңірлік әкімдіктерде кәсіпкерлердің су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтінімдерінің 82,1%-ы мақұлданды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге қаражат бөлінді.
Өңірлер әкімдіктерінің деректері бойынша 30 шілдеге кәсіпкерлер 9,3 млрд теңгеге 455 өтінім берді, оның ішінде 5,8 млрд теңгеден астам 374 өтінім (82,1%) мақұлданды. 222 кәсіпкерге 2,2 млрд теңге көлемінде шығын төленді.
"Атырау облысында 2,1 млрд теңгеге 215 өтінім, Батыс Қазақстан облысында 2,5 млрд теңгеге 40 өтінім, Солтүстік Қазақстан облысында 901,8 млн теңгеге 44 өтінім, Қостанай облысында 206 млн теңгеге 35 өтінім, Ақтөбе облысында 366 теңгеге 24 өтінім мақұлданды, Ақмола облыстарында 61,1 млн теңгеге 16 субъект бар" деп хабарлады министрлік.
Қызмет түрлері бойынша негізінен сауда объектілері, қоғамдық тамақтану орындары, демалыс базалары мен қонақ үйлер және басқа секторлар зардап шекті. Атап айтқанда, мақұлданған өтінімдердің 70% – дан астамы – дүкендер, сауда үйлері мен базарлар, төрт пайызға жуығы – қоғамдық тамақтандыру объектілері, төрт пайызы – өнеркәсіптік және азық-түлік тауарларын өндіру объектілері, үш пайызға жуығы-қонақ үйлер, демалыс базалары және басқа да бизнес нысандары.
Өтемақы туралы өтініштерді өңірлік комиссиялар бес жұмыс күні ішінде қарайды және жеткілікті қаржыландыру болған кезде төлемдер 10 жұмыс күні ішінде түседі.
Қалған өтінімдер бойынша кәсіпкерлерге төлемдерді тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды талап ететін объектілер бойынша қаражат жобалау-сметалық құжаттаманы және сараптаманы қабылдау қорытындылары бойынша аударылатын болады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді