«Су тасқыны – жемқорлықтың салдары»: Қостанай тұрғыны осындай плакатпен жалғыз адамдық пикетке шықты.
Фото: «Наша газета» порталы
Сәуірдің 12-сі күні қостанайлық Әнел Әлиғазина «Март» сауда орталығының жанында «Су тасқыны – жемқорлықтың салдары» деп жазылған плакатпен жалғыз адамдық пикет өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Наша газета» порталы акция басталғаннан кейін көп ұзамай оған полиция қызметкерлері мен Қостанай әкімдігі келіп, билікпен келісілмегендіктен акцияны тоқтатуды талап еткенін хабарлайды.
«Жыл сайын біз осындай апаттарға тап боламыз және олар әрқашан табиғи апаттар деп аталады, олар - орман өрттері немесе су тасқыны. Көптеген адамдар мен жануарлар зардап шегеді. Осының бәріне біздің авторитарлық жүйе жауапты екенін халықтың есіне салғым келеді. Мәселе мемлекеттік органдардағы жемқорлыққа байланысты. Авторитаризм капитализммен қосылып, қорқынышты зардаптарға әкеледі», - деді Әлиғазина.
Ішкі саясат басқармасының басшысы Олжас Дүйсеков бірнеше полиция қызметкерімен бірге пикет орнына келді. Ол Әнел Әлиғазинаның сөзін бөліп, пикет туралы әкімдікке хабарлау керектігін еске салды.
«Бізде мұндай іс-шараларды өткізу үшін арнайы орындар белгіленген, сондай-ақ «Бейбіт жиындар туралы» заңда бұл жер арнайы пикетке арналмаған, сондықтан плакатты жинап, пикетті тоқтатуды сұраймын», - деді Дүйсеков.
Әнел Әлиғазина плакатты жинап, оның әрекетін шенеуніктер қалай тез біліп, пикет алаңына келіп үлгергенін анықтауға тырысты. Дүйсеков қалада кезекшілік жүргілетінін, ал өзі гуманитарлық көмек таратып қайтып келе жатқанын түсіндірді.
Жаңалықтар
- Павлодарда полицей әйелдің денесін өртеп жіберген
- Екі кеме Ормуз бұғазы арқылы өтуге тырысқан: Иран әскери-теңіз күштері оларды ұстады
- Талғардағы сұмдық: Өлтірілген жігіттің туыстары оқиға туралы айтып берді
- СІМ Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты пікір білдірді
- Ауыл мектептерінде директорлар жетіспейді
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Мәжіліс депутаты базарларға дизайн-код енгізуді ұсынды
- 100 жыл бұрынғы қазақ қыз-келіншектерінің келбеті қандай болды?
- Қызылордада ауылдық клубтың директоры мен есепшісі 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
- Маслихат депутаттарының билігі күшейеді
- Талғарда 20 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды: Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
- Қазақ поэзиясының қара нары — Мұхтар Шаханов туған топырағына жерленді
- Дәрігерге күш қолданған азамат 1,5 жылға сотталды
- «Бекіре-2026» акциясы: Атырау облысында 378 заңбұзушылық анықталып,13 қылмыстық іс қозғалды
- ІІМ автомектептерге тексеріс барысында 701 оқу тобы қызметін тоқтатты
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды