«Су тасқыны салдары»: 5 мыңнан астам отбасы жаңа тұрғын үй алды
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Бұл туралы үкімет хабарлады.
Зардап шеккен аймақтарда жаңа үйлердің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. 2 568 нысанның 470-і толық аяқталып, тұрғындарға кілттері табыс етілді.
Солтүстік Қазақстан облысында 285 үй, Қостанай облысында 57, Батыс Қазақстан облысында 80, Ақтөбе облысында 43 және Павлодар облысында 5 үй пайдалануға берілді. Су басқан үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100% аяқталды. 8 853 отбасы жөндеу және қалпына келтіруге арналған 49,3 миллиард теңге көлемінде төлем алды.
Қосымша 34 216 отбасы 100 АЕК көлемінде бір реттік өтемақы алып, бұл үшін 12,6 миллиард теңге бөлінді. Жоғалған қажетті заттарды сатып алу үшін 150 АЕК дейін қосымша төлемдер жүзеге асырылып жатыр. Бұл көмек 21 869 отбасыға 9,9 миллиард теңге көлемінде көрсетілді.
Сондай-ақ, зардап шеккен кәсіпкерлердің шығындарын өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірлік комиссиялар 7,9 миллиард теңге сомасында 455 ШОБ субъектісінің өтініштерін қарап, мақұлдады. Жоғалған мал үшін мемлекет тарапынан көмек көлемі 2,8 миллиард теңгеден асты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық