Су құбыры құрылысынан 859,6 млн жымқырмақ болған мердігер жазаланды
Коллаж Orda.kz
Қостанай ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде, Мәскеу ауылындағы су құбыры құрылысына 859,6 миллион теңге көлемінде келісімшарт жасасқан мердігер өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Ал аудандық әкімдікке қарасты құрылыс бөлімі кепіл сомасын қайтару шараларын қабылдамапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Заңнамаға сәйкес, біржақты келісімшарт бұзылған жағдайда, кепіл сомасы бюджетке аударылуы керек.
«Шарт бойынша нысанды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 20 шілдеге жоспарланған, алайда мердігерлік ұйым іс жүзінде жұмыс істемеген, нәтижесінде шарт біржақты тәртіппен бұзылған. Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз ету өнім берушіге қайтарылмайды (Заңның 43-бабының 12-тармағы), бірақ тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі», деп мәлімдеді Қостанай облыстық прокуратурасы.
Прокуратураның араласуымен бұл қаражат сот арқылы өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды.
«Аудан прокуратурасының араласуынан кейін сот тәртібімен 89,4 млн теңге өндіріліп, мемлекет кірісіне өтелді», деп мәлімдеді Қостанай облыстық прокуратурасы.
Жаңалықтар
- Ақша айналымы 557 млн теңге: Шымкентте интернет-казино ашқан тұрғын ұсталды
- Қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін алған Владимир Шремф «тірілді»
- Ақтауда жұмысшыларды күйік шалды: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
- Трампқа қастандық жасамақ болған ұстаздың манифесі жарияланды
- Колумбияда автобус жарылды: 14 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды
- Бұрынғы қазақстандық, қазір Германиядағы блогер Шаханов пен қазақ елін қорлады
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған