Студент жастар EcoStudentKZ челленджіне қатысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері EcoStudentKZ республикалық челленджіне қызу қолдау білдірді. ҚазҰУ жастары танымал туристік орындар – Көкжайлау үстірті мен Бутаковка шатқалын қоқыстардан тазарту жұмыстарына қатысты.
- ҚазҰУ студенттері Алматы жастары және қала әкімдігімен бірге үлкен игілікті іс атқарды деп ойлаймын. Мен барша қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырамын. Мұндай шаралардың жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпалы зор, - деп атап өтті Экоеріктілер қатарынан табылған ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 2-курс студенті Қалан Таңнұр.
Экологиялық акция аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында да жалпы университеттік сенбілік өтті. Оған университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер – барлығы 4000-нан астам адам атсалысты.
Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев қалашықта өткен сенбілікке арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін пысықтады. Ректор акцияға қатысушы жастармен пікірлесіп, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға шақырды.
Сенбілікке 10-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 80 текше метр қоқыс пен жапырақтар жиналды. Соңы жастардың көңілді кешіне ұласып, домбыра, гитара аспаптарының сүйемелдеуімен әндер шырқалып, күй тартылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық