Студенттерді баспанамен қамтамасыз етуге министрлер мен әкімдер жауапты
Министрлер кабинетінің басшысы жоспарланған барлық жатақханаларды мерзімінде пайдалануға беруді қадап тапсырды.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – баршаға және әркімге. Қазір және мәңгіге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді» деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Жиынға қатысушылар студенттік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін талқылады.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл 11 мың орындық 37 нысанды, оның ішінде 26 университет студенттеріне арналған жатақхана мен 11 колледжді пайдалануға беру күтіліп отырғанын айтты.
Оның айтуынша, сонымен қатар 1,4 мың орындық 4 нысанның іске қосылмау қаупі бар. Бұл «Астана медицина университеті» КЕАҚ жатақханасын қайта жаңғырту, 400 орындық жатақхана салу және Алматыда 450 орындық екі жатақхананы қайта жаңғырту сынды жобалар.
Инвесторлар жатақхана салу кезінде кездесетін негізгі проблемалардың қатарында нысан мақсатын өзгерту, заттай гранттар беру және инженерлік желілерге қосылу мүмкіндігінің шектелуіндегі қиындықтарды айтады.
Әлихан Смайылов студенттік жатақханадағы орын тапшылығы дер кезінде шешілмесе, жағдай ушыға түсетінін айтты.
«Көптеген жоғары оқу орындарының басшылары студенттерге тұрмыстық жағдай жасау жөніндегі міндеттемелерін іс жүзінде орындамайды. Өз кезегінде ғылым және білім министрліктері университеттер мен колледждердің келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ету талаптарының орындалуына қатысты жағдайды бақылауда ұстамайды. Бұл жұмыс әкімдіктермен нашар үйлестірілген», - деді Премьер-Министр.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, оқуға қабылданған студенттер жатақханадағы орынның жоқтығын орналасар кезде ғана біледі, сондықтан оқуға дайындалудың орнына өз бетімен баспана іздеуге мәжбүр болды.
Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан орын бөлу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарланған барлық 37 нысанды мерзімінде беруді қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін ғылым және жоғары білім, білім министрлері, облыс әкімдері жеке жауапкершілікте екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық