Студенттер тұратын хостелдерге қойылатын талаптар күшейтіледі
Ғылым министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудегі жағдайға, сондай-ақ жатақханаға қойылатын талаптарды күшейту жоспарына айтты.
Саясат Нұрбектің айтуынша, соңғы рет 70-80 жылдары академиялық инфрақұрылымға ірі инвестиция құйылған.
«Жекешелендіру кезінде көптеген жатақханалар жойылды. Бізде бүгін не бар? Тапшылық 17 488 орын. Бұл 30 қарашадағы соңғы ағымдағы деректер» деді министр.
Биыл 10 387 орын 43 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда.
«Алматыда шамамен сегіз мың, Астанада 6,5 мың орын пайда болады. Ал Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Шымкентте қажеттілік шамалы» деп жалғастырды Нұрбек.
Сондай-ақ ол 1 қыркүйектен бастап заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, университеттер талапкерлерді 100 пайыз жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салды.
«Енді бұл міндетті талап лицензия беру кезінде ескерілетін болады. Сондай-ақ біз жеке сектордың жаңа жатақханалар құрылысына белсендірек қатысуы үшін МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз субсидияларды көбейтеміз. Жеке сектордың көмегінсіз мемлекет мұндай ауқымды мәселемен күресе алмайды» деді министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, бір ғана Алматының өзінде университеттер келісімге келген 85 хостел бар. Дегенмен, министрлік бұл мәселеге былтыр ғана мән бере бастағанын мойындады.
«Бұл хостелдерге жеке талаптар қойылды. Мысалы, басқа қонақтармен араласпау үшін. Тамыз айында біздің омбудсмендер әрбір жатақханаға мониторинг жүргізді. Өкінішке орай, бұл жатақхананың біздің университеттермен бірде-бір келісімшарты болмағанын растай аламыз. Біз тексерген жатақханаларда мұндай оқиғалар болған жоқ және болмайды деп үміттенемін. Біз қауіпсіздік талаптарын арттыруды және күшейтуді жалғастырамыз. Келісім-шартқа отырған жатақханаларға қауіпсіздік талаптары күшейтіледі» деп түсіндірді министр.
Жалпы, ғылым министрлігі келесі жылы жатақханадағы орын тапшылығын жабуды жоспарлап отыр. Ол үшін Нұрбек атап өткендей, құрылыс жұмыстарын үздіксіз жалғастыру қажет. Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша 620 мың студент бар. Болжам бойынша, 2039 жылға қарай олардың саны миллионға дейін артуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Астанада 82 жастағы шал шөбересін зорлағаны үшін 20 жылға сотталды
- «25 жылға сотталған»: Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы жаңа қызметке тағайындалды
- Ғылымға бөлінген 295 млн теңге қайда кетті? Прокуратура мемлекет қаржысының жымқырылғанын анықтады
- Павлодар облысында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды
- «Баламды көршісі шақырып әкеткен»: Ақмола облысында жоғалған жеті баланың әкесі үш айдан бері табылмай келеді
- Астанада ер адам құқық қорғау органы қызметкеріне оқ атты
- Астанада екі медициналық клиниканың басшысы ұсталды
- АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстан және тағы 74 ел үшін иммиграциялық виза беруді тоқтатты
- Иран аспаны қауіпті: Air Astana мен FlyArystan Дубай мен Мысыр бағыттарын өзгертті
- Түркістандағы әкесін өлімші етіп сабаған адам 6 жылға сотталуы мүмкін: Үкім бүгін шығады
- Ресей зауыттарының бірінде екі қазақстандықтың мәйіті табылды
- Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды
- Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары 2 млрд теңгеге арзандатылып қайта сатылымға шықты
- ҚР СІМ Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
- 13 жастағы баскетболшы ойын кезінде қайтыс болды
- Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
- Қазақстанда алкогольге қатаң шектеу енгізу ұсынылды
- Прокуратура Атбасардағы азаптау ісі бойынша ақтау үкіміне қайта шағымданды
- Трамп өзін «Педофилдердің қорғаушысы» деп атаған Ford жұмыскерін балағаттады
- Таиландта пойыз құрылыс кранына соғылып, 22 адам қаза тапты