Студент қыздың төсіне қол жүгіртті деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды
Сүрет: golos.ua
Бұған дейін Астанада медициналық университеттің студенті оқытушының өзін қудалап жатқаны туралы жазған болатын.
Аида Алмасова өзінің Instagram парақшасында ұстазы Алышан Исмаилов тарапынан қудалауға шыдауға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша оқиға 17 қарашада болған.
«Ол менің жүрегімде және өкпемде ақау бар ма деп сұрады. Мен жоқ дедім, ол тыңдап көруді ұсынды. Мен оны түсінбедім. Ол кеңсені құлыптап, көкірекшемді шешуімді ұсынды. Мен қорыққанымнан көкірекшемді көтердім, ол мені орындыққа отырғызды да, жемпірімнің жағасынан өтіп, кеудемдіі ұстай бастады», - деп жазды бойжеткен.
Студент сол күнгі оқиғадан бөлек, басқа қыздардың да бұл мұғалімнің үстінен шағым түсірген хабарламаларын жариялады.
Әріптестері Алышан Исмаиловты қорғап, ақтап алуға тырысты. Тіпті, студенттер осындай жолмен өздеріне ұнамайтын мұғалімнен құтылғысы келеді деген пікірлер де айтылды. Дегенмен, полицейлер Алмасованың сөзіне мән беріп, жанжалды оқиғаның мән-жайын анықтауды қолға алды.
«Медицина университеті студентінің арызы бойынша Сарыарқа аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында істің мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» деп хабарлады полиция департаменті.
Осыдан кейін аталған жоғарғы оқу орнының ректоры Камалжан Надыров осы шулы оқиғаға себепкер болған оқушының жұмыстан шығарылғаны туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бірнеше күн талқылап, барлық тараптардың дәлелдерін зерделегеннен кейін Тәртіптік комиссия осы оқытушыны жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасау жөнінде шешім қабылдады. Мен бұл шешімді қолдадым» деп жазды ректор.
Сонымен қатар ЖОО басшысы осындай жағдайларды болдырмауға бағытталған барлық қажетті әрекеттердің қабылданатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды
- Ақша айналымы 557 млн теңге: Шымкентте интернет-казино ашқан тұрғын ұсталды
- Қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін алған Владимир Шремф «тірілді»
- Ақтауда жұмысшыларды күйік шалды: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
- Трампқа қастандық жасамақ болған ұстаздың манифесі жарияланды
- Колумбияда автобус жарылды: 14 адам қаза тауып, 40-қа жуық адам жараланды
- Бұрынғы қазақстандық, қазір Германиядағы блогер Шаханов пен қазақ елін қорлады