Қазақстан мұнайын тасымалдау нысанына дрондар шабуыл жасады
Фото: Elements.envato.com
2025 жылғы 17 ақпанда белгісіз біреулер Краснодар өлкесінің Кавказ ауданында орналасқан Каспий құбыр консорциумының «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына дрондармен шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Шабуыл жасаған жеті ұшқышсыз аппарат жарылғыш заттар мен металдан жасалған зақымдаушы элементтермен жабдықталған.
Ресми деректерге қарасақ, станция қызметкерлері зардап шеккен жоқ. КҚК мамандарының жедел әрекеттері арқасында мұнайдың төгілуіне жол берілмеді, алайда нысан уақытша жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты Теңіз – Новороссийск магистралды құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемі азайтылып, станцияны айналып өтетін жаңа бағытқа көшті.
Оқиға орнына КҚК-ның бас директоры Николай Горбань бастаған басшылық өкілдері барды. Қазіргі таңда залал көлемі есептеліп, нысанды қалпына келтіру шаралары қарастырылып жатыр. Консорциумның АҚШ пен Еуропадағы акционерлері шабуыл туралы ресми түрде хабардар етілді.
«Кропоткинская» станциясы – Ресейдегі КҚК жүйесінің ең ірі мұнай айдау нысандарының бірі. Ол Новороссийск портына бағытталған мұнай тасымалында, соның ішінде Қазақстан мұнайын жеткізуде маңызды рөл атқарады. Бұл шабуылдың әлемдік мұнай нарығына әсер етуі мүмкін, сондықтан жағдай халықаралық деңгейде алаңдаушылық тудырып отыр.
Бұл шабуылдың артында кім тұрғаны әзірге белгісіз. Ресми тұлғалар болжам жасаудан тартынып отыр. Алайда азаматтық энергетикалық инфрақұрылымға жасалған бұл соққы ірі қауіп-қатер туғызатыны анық.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық