Стоматологиядағы бала өліміне қайталама наркоз бен ескерілмеген препараттар себеп болуы мүмкін — сарапшы
Ота бөлмесіндегі бейне скриншоты
Астанадағы стоматологиялық клиникада үш жасар қыздың қаза болуына байланысты өткен сотта анестезиолог-реаниматологтан жауап алынды. Белгілі болғандай, балаға наркозды екінші рет берген, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің тексеру комиссиясының мүшесі, анестезиолог-реаниматолог Сергей Разумовтың айтуынша, қыз ояна бастаған сәтте стоматологиялық креслода оған қайтадан наркоз — севоран газы жоғары концентрацияда берілген.
«Қыздың дем алуы асинхронды болды, бұл сіздер пациентті оята бастағанда түсірілген видеодан көрінеді. Аппарат өз ырғағымен дем беріп, сіз қойған параметрлер бойынша ауа жеткізіп тұр, ал бала өздігінен дем алуға тырысуда. Бала жөтеліп қалғаннан кейін сіздер қайтадан мәжбүрлі желдетуді қосып, севоран беруді жалғастырдыңыздар, ояту кезеңінде оның концентрациясын арттырдыңыздар, әрі ол жүрек-өкпе реанимациясының алғашқы 15 минутында севоран алып тұрды»,
деді Сергей Разумов.
Анестезиолог Аида Жұмағалиева болса, мұның себебін түсіндіре келе: қыз оянып келе жатқанда бұлшықеттерінің жиырылуы салдарынан тілін тістеп алғанын, ауыр жарақаттың алдын алу үшін ол наркозды қайта қосқанын айтты.
Маманның сөзінше, анестезиолог бұған дейін бұл әрекеттерін түсіндірмеген және баланың тілін тістеп алғаны туралы да хабарламаған. Қосымша наркоз бермей-ақ, баланың жағдайын қалай түзетуге болатыны жөнінде қысқа сөзталас та болды.
Сот барысында кішкентай пациентке препараттардың дұрыс енгізілмегені анықталды, бұл оның жағдайының күрт нашарлауына себеп болуы мүмкін.
«Бейнеде анестезиолог медбикеге: « Супрастин салыңыз, 0,3 кальций (хлоридін) салыңыз» дейді. Бұл анық естіледі. Ал медбике оларды күре тамырға тез құю арқылы енгізеді. Кальций — «ыстық укол», оны тез енгізуге болмайды. Мен қорытындыда севофлуран (севоран) салғанда баланың гипотонияға (қысымның төмендеуіне) бейім болғанын, әрі оған антигистаминдер мен кальций қоспасы енгізілгенін көрсетті, бұл да айқын гипотония туғызады. Бала шок жағдайына түсіп, қысымы төмендеп, шұғыл жағдай басталды»,
деп нақтылады Сергей Разумов.
Оның айтуынша, кальций хлоридінің нұсқаулығында препаратты жылдам енгізу балаларда брадиритмияға (жүрек соғысының баяулауы мен ырғақ бұзылысы), вазодилатацияға (тамырлардың кеңеюі) және кішкентай балаларда механикалық диссоциация түріндегі жүрек тоқтауына әкелуі мүмкін екені жазылған (атриовентрикулярлық диссоциация — жүрекше мен қарыншалардың бір-бірінен тәуелсіз жиырылуы).
«Седативті препарат салғанда супрастиннің тез енгізілуі тонусты төмендетіп, бар гипотонияға қосымша гипотония қосады, брадикардияға (жүректің баяулауы) және тыныс алу орталығының тежелуіне әкелуі мүмкін. Бұл әсер «ине ұшындағы» — соңғы секундтар болуы ықтимал. Кейін қыздың жағдайы бес-алты минут ішінде күрт нашарлап, шақырылған реаниматолог та, жедел жәрдем бригадасы да оны қалпына келтіре алмады»,
деді маман.
Бұдан бөлек, ол сараптама деректеріне сүйене отырып, балаға 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген кетопрофеннің де енгізілгенін айтты.
Бұған дейін сотта эксперт-педиатр Бақыт Мусина қыздың қан талдаулары бойынша оның мұндай жағдайда наркоз алуы мүлдем мүмкін еместігін мәлімдеген болатын.
2024 жылғы 30 қазанда Dent Park Ortho кликасында 2021 жылы туған қызға 18 тісті емдеу үшін 4,5 сағат бойы севоранмен наркоз жасалған. Бала ояна бастаған сәтте жүрегі тоқтап қалды. Реанимация нәтиже бермеді. Қыз қайтыс болды.
Ал бір күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында балалар стоматологиясында севоран қолдануда ешқандай проблема жоқ екенін айтқан еді.
Еске салсақ, Ақтөбеде жас келіншек 11 айлық және 3 жастағы балаларын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінді. Әйел қайғылы оқиғаға дейін де балаларын бірнеше рет өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы келіншек Талғардағы психикалық емдеу орталығында жатыр.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт