Степногорскіде 10 жылдық тәжірибесі бар мұғалім есірткі сатумен айналысқан
Фото: Polisia.kz
Ақмола облысының полицейлері Степногорск қаласында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен 37 жастағы әйелді ұстады. Ол 10 жылдық педагогикалық өтілі бар бұрынғы мұғалім болып шықты.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан күдікті зат салынған 14 пакет тәркіленді.
Сараптама ішінде мефедрон бар екені анықталды.
Күдікті өз кінәсін мойындап, полицияға есірткіні тағы қай жерлерге жасырғанын көрсетті. Онда синтетикалық заты бар тағы екі үлкен пакет және төрт кішірек пакет табылды.
Полицейлер ұсталған әйелдің Степногорск қаласында жалға алған жалдамалы пәтерінен тағы 105 қаптама есірткіні тапты.
Әйел 2023 жылдың соңынан бері осылай «жұмыс істей бастағанын» мойындады.
«Әйел Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық мектептердің бірінде 10 жыл мұғалім болып жұмыс істеген, бірақ ол бірнеше жыл бұрын жұмысын тастап, есірткі қолдана бастаған» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады