Степногорск спорт интернатында әлімжеттік көрсеткендер оқудан шығарылды
Степногорск қаласындағы спорт интернатында өздерінен кіші тәрбиеленушілерді ұрып-соққан балалар оқудан шығарылды.
Степногорск қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (ООРММИК) тәрбиеленушілерінің оңбай таяқ жеп жатқаны түсірілген видео нәтижесінде үлкен жанжал туындады.
Облыстық мектеп-интернатта оқушылар бір-бірінен ақша бопсалап, үлкендері кішілерін ұрып-соғып, әлімжеттік көрсетеді, деп хабарлайды @stepnogorsknews арнасы.
«Баланы ұрып-соқса, балалар ортасында қатыгездік өршіп тұрса, қашан да үлкендер кінәлі. Негізгі сұрақ соларға қойылуы тиіс. ООРММИК басшылығы отставкаға кетсін!» деп жазды арна.
Бейнежазбада үлкендер кішілерін ұрып-соғып, ақшасын тартып алып жатқан қорлаулар түгел түсірілген.
«Әкімшілік мектеп қабырғасында орын алған қасақана тәртіп бұзу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Кінәлі оқушы-спортшылар мектеп-интернаттан шығарылды. Бұл оқиғаға жол берген қызметкерлерге мектеп әкімшілігі жаза қолданды» деп түсіндірді полиция оқиғаға қатысты.
Сондай-ақ департамент барлық материалдарды зерделегеннен кейін Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен тексеру жүргізілетінін айтты. Кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық