Степногор тұрғыны кеннен алтын «шығаратын» цех ашты
ҚР ІІМ
Полицейлер аяқ астынан алтын кенін өңдейтін зауыт тауып алды. Негізінен тәртіп сақшылары ұрлықтың мән-жайын анықтап жүрген болатын.
«36 жастағы жергілікті тұрғын арызбен 24 тамызға қараған түні үйінің кілтін алып кіріп, жалпы құны 793 400 теңге тұратын алтын бұйымдарын ұрлап кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты шара қолдануды сұраған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұған дейін бірнеше рет сотталған 47 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп нақтылады Ақмола облысы бойынша ПД.
Алайда іс мұнымен бітпеген, ұсталған адам алтын бұйымдардың барлығын дерлік балқытып, Степногор қаласының тұрғынына сатып жібергенін мойындады. Тез арада 49 жастағы ер адам табылды, оның қорасынан тінту кезінде: екі ұнтақтағыш станок (қалпақ және жұдырықша), бір жуғыш, құрамында алтыны бар металл ванна, бір шойын ванна, құрамында алтыны бар 31 қап материал және электронды таразылар табылған. Ұсталған азаматтың айтуынша, биыл көктемде ол кен өндіру цехын ұйымдастырған. Енді оған қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық