Ұстаздарды сенбілікке шығарған әкім орынбасары оқиғаға қатысты пікір білдірді
Семей қаласында сенбілікке шыққан ұстаздарға қатысты сурет желіде желдей есті. Аталған оқиғаға байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз ойын айтып, қаланы қоқыстан тазартқан ұстаздарды қорғаштады. Осы мәселеге қатысы бар делінген Семей қаласы әкімінің орынбасары журналистерге өз жауабын ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Семей қаласының шенділері осы дауға қатысты өздерінің ойларын айтты. Осыған дейін ата-аналардың бірі баласының сабағын сенбілік үшін болдыртпай қойғаны туралы сөз қозғаған болатын.
Семей қаласы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков резонанс тудырған сенбіліктің 16 қазан күні өткенін және оған қаланың барлық мектебі қатысқанын жеткізді.
– Аталған хатта сабақты немесе оқу процесін тоқтату туралы нұсқаулық болған жоқ. Расымен де, бір мектеп директоры еңбек демалысында болған, орынбасары шешім қабылдаған. Бірақ сабақ тоқтаған жоқ, онлайн түрде өтті, - Гариков журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар, әкімнің орынбасары мұғалімдердің мүддесі туралы айтқан білім және ғылым министрі Аймағамбетовтың жазбасы туралы да пікір білдірді.
– Кейбір мемлекеттік қызметкерлердің пікіріне келер болсақ, егер біз ұстаздарды бір рет күзде болатын бүкіл қалалық сенбілікке шақырған болсақ, әкімдік қызметкерлері әр апта сайын сенбілікке шығады. Бұл жерден айтарлықтай ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Бұл - біздің қала, біз қаламыз үшін тырысамыз, меніңше кез-келген қаланың жанашыр адамы бұл сенбілікке қуана-қуана ат салысады,- дейді Гариков.
Әкім орынбасарының айтуынша, әр мектепте сенбілікке шығатын адамдарды реттеп отыратын адам болады. Қаланы абаттандыру, сенбілік жасау әкімдіктің міндеті екенін алға тартқан ол сенбілікке бюджетті мекемелер мен коммерциялық ұйымдар тартылатынын айтты.
Көше тазалаған ұстаздар оқиғасына байланысты Семей қаласы білім басқармасының басшысы Наталья Фесенко да пікір білдірді. Оның айтуынша, сенбі күні қаланың 17 мектебінде сабақ болды.
– Айта кету керек, сенбі күні сабақтар тоқтаған жоқ, барлық мектепте сабақ болды. Расымен де, бүкіл қалалық сенбілік жарияланды. Әр мекеме басшысы аумақты қалай тазалау керектігін өзі шешті. Бұған дейін әлеуметтік жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған адамдарды тарту туралы ұсыныстар беріліп, техникалық қызметкерлер тартылды. Өз еркімен шыққысы келгендерді де шақырды, - деді Фесенко.
Ол сенбілікке шығу не шықпау туралы шешімді мектеп директорлары қабылдайтынын алға тартты.
– Ешкімді қинаған жоқ. Бізде хаттамалар бар, онда біз әр директор жүйені қалай ойластыру керек, олар техникалық персоналмен қалай жұмыс істейтіні, қосымша үстемақы енгізу немесе жұмыспен қамтуға тарту туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Басшылар мұны өздері шешеді, - дейді шенеунік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық