Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингін растады
Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз несиелік рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінде растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, егеменді рейтингт болжамы «Тұрақты».
«Мүмкін сыртқы тәуекелдер үшін жеткілікті резервтерді қамтамасыз ететін Қазақстанның бюджеттік және сыртқы теңгерімінің тұрақтылығы елдің рейтингін ұстап тұрудың негізгі факторлары болып қала береді» деді ҰЭМ.
S&P алдағы жылдары экономиканың өтімді сыртқы активтері сыртқы қарыздан айтарлықтай асып түсетінін болжайды.
Ел экономикасының өсуі негізінен құрылыс, өнеркәсіп, сауда, ақпарат және байланыс салаларындағы белсенділікпен қамтамасыз етілгені атап өтілді.
Сарапшылар шенеуніктердің инфрақұрылымды дамытып, экономиканы одан әрі әртараптандыруға бағытталған әрекеттерін атап өтті.
S&P экономикалық реформаларды жалғастыру және мемлекеттік шығыстардың қалыпты өсуі 2024-2027 жылдардағы бюджет тапшылығын азайтуға көмектеседі деп күтеді.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз