СҚО-ға - Қызылжар, Павлодарға - Баянауыл деген тарихи атауларын қайтаруымыз керек - Берік Әбдіғалиұлы
«Кеңестік кезеңнен қалған атаулардан арылатын уақыт жетті. СҚО-ға - Қызылжар, Павлодарға - Баянауыл, БҚО-ға - Ақжайық, ШҚО-ға - Алтай деген тарихи атауларын қайтаруымыз керек». Бұл пікірді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласында өткен «Ұлытау облысының рухани дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бастамасымен өткен шараға қатысқан Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы былтыр ғана ашылған облыстың «Ұлытау» деп аталуы елге ерекше рух, қуат бергенін атап өтті.
- Алғашында облысты «Орталық Қазақстан» деп атасақ қайтеді деген ұсыныстар да болған. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жоқ! Ұлытау облысы деп аталсын» деген әділетті тарихи шешім қабылдады. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының қайта ашылып, өңір атауларының қасиетті жерлеріміз бен ұлы тұлғаларымызға арналуы бізді рухтандырды, - деді ол өз сөзінде.
Аймақ басшысы кеңестік кезеңнен қалған атаулардан арылатын уақыт жеткенін айтып, осы үрдісті одан әрі жалғастыру қажеттігіне тоқталды.
- Сан ғасырлық тарихы бар қазақ жерінде қасиетті тарихи атауларымыз қайта оралуы керек деп есептеймін. Батыс Қазақстан – Ақжайық, Шығыс Қазақстан – Алтай, Солтүстік Қазақстан – Қызылжар, Павлодар - Баянауыл облысы деп аталса, тарихи әділдік орнап, ел мен жер тағдыры үшін күресіп, осындай ұлан байтақ жерге иелік еткен ата-баба мұрасы қайта жаңғырар еді, – деп түйіндеді өз ойын Берік Әбдіғалиұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық