«Спутник V» екпесі Қазақстанда әлі тіркелмеген
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 12 ақпанда ресейлік «Спутник V» екпесінің алғашқы тобын елге кіргізуге рұқсат берген. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанға кіргізілген екпені қолдануға рұқсат берілген. Екпені елге кіргізерден бұрын оның сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін құжаттар ұсынылады» деп мәлімдеді министрлік «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі заңына» сілтей отырып.
Қазақстанда 1 ақпаннан халықты ресейлік «Спутник V» екпесін қолдану басталған. Кейін министрлік бұл екпе елде әлі тіркеуден өтпегенін айтқан болатын.
12 ақпанда қазақстандық бірнеше басылым «Спутник V» екпесінің Twitter парақшасына сілтеме жасап, «Қазақстан бұл екпені тіркеген 27-ел болды» деген жаңалық таратты.
Алайда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамады. Ведмство Қарағанды фармацевтикалық кешенінде дайындалған «Спутник V» екпесін тіркеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Бұл екпе тіркелген соң ғана қолданылады. Екпе жіті тексеріледі, тіркеу процедурасы 16-20 ақпан арасында жүреді» деп мәлімдеді министрлік.
Министрліктің мәліметінше, 1-11 ақпанда елде 13 мың медициналық қызметкер «Спутник V» екпесін салғызды. Бұл екпе Ресейде былтыр тамызда, сынақтан толық өтпей жатып тіркелген. Мәскеудің бұл әрекеті ғалымдар арасында пікірталас тудырған.
2 ақпанда британиялық Lancet журналы «Спутник V» екпесінің үшінші сынақ кезеңінің нәтижесін жариялап, екпе 92% тиімді деген. Қазақстан билігі бұл екпені Қарағанды фармкешенінде шығару үшін 15 миллиард 175 мың теңге бөлген. Қазақстан жыл соңына дейін алты миллион адамға екпе салуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық