Спорт министрлігі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Фото: әлеуметтік желіден
Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты жаңа мәліметтер 8 қаңтарда белгілі болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Желтоқсан айының басында қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілігіп, салдарынан оның жекпе-жегі тоқтатылды. Бұл жағдай спорт қоғамында үлкен резонанс тудырды.
БАҚ өкілдері осы оқиғаға байланысты тергеудің нәтижесі мен Әлімханұлының алдағы жарыстарға қатысу мүмкіндігін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтан сұрап білді.
«Өкінішке қарай, маңызды жекпе-жектің алдында сондай жағдай болды. Бірақ 8 қаңтарда екінші сынама ашылады. Біз және Жәнібектің командасы соны күтіп отырмыз», — деді Мырзабосынов үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, екінші сынама да оң нәтиже көрсетсе, боксшыға қатысты шешімді Халықаралық бокс ұйымы қабылдайды екен.
«Бұл мәселе бойынша шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) пен Халықаралық бокс ұйымы қабылдайды», – деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, 19 желтоқсанда Әлемге танымал Ring Magazine журналы WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлыны үздік боксшылар рейтингінен шығарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық