Спорт мектебіндегі сыбайлас жемқорлық жастарға қандай қауіп төндіреді?

cover

Қазақстан Халық партиясы «Сыбайлас жемқорлық пен буллинг (қорқыту) – қазақ жастарына төндіретін қауіп» тақырыбында кездесу өткізді. ҚХП бұл мәселені не себепті көтергенін ORDA түсіндіреді.

Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, соңғы кезде Қазақстан Халықтық партиясына спортшы балалардың ата-аналарынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты көптеген шағымдар түскен. Партия бала құқығын қорғайтындықтан бұл шағымдарды елемей өте алмады. Осы тақырыпта ҚХП ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Оған психологтар, ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Ирина Смирнова дәл қазір парламент балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын қарастырып жатқанын атап өтті. Алғаш рет депутаттар оған «буллинг» (қорқыту) сияқты ұғымды енгізбекші.

Буллинг – ағылшын тілінен аударғанда қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді.

Ата-ана шағымы

Жанна Мұқатаева:

– Менің қызым кәсіби гимнастикамен айналысады. Біраз жылдар бойы зейнет жасындағы тренердің қыспағында жүр. Ол кісі – оқу орнында шешім қабылдайтындардың бірі. Бәрі 2018 жылдан басталды. Қызым Павлодардағы спартакиададан жүлделі үшінші орын алып келді. Мектеп жарыстан орын алып келгендерге Ыстықкөлге сауықтыру демаласына жолдама беріледі деген. Жалғызбасты ана үшін баласының тегін демалысқа барып келуі мені қуантты. Бірақ, тренердің өтініші бойынша жеті жолдаманың үшеуі қайтарылып, басқа ата-аналарға бал жетіспей тұр деп сылтау айтқан. Екінші рет мұндай жағдай 2019 жылы қайталанды. Бір топ баламен мұғалім Қапшағайға барып демалып келген. Топтағы ата-аналардың көбі оны тіпті естімеген.

Ашулы ана мұғалімдер балаларды бөліп-жарып, оқуға деген ынтаның түсуіне себепкер болады дейді. Оның айтуынша, гимнастика мектебінде бұл салаға еш қатысы жоқ палуандар мен дзюдошылар педагог болып жүр. Гимнастиканы мүлде түсінбейтін адамдар оқушыны қалай бағалай алатыны белгісіз.

Осы орайда, мектептегі ұстаздың балаға деген қарым-қатынасы қалай әсер етеді деген сауал туындады.

Оған тәуелділікті емдеу клиникасының меңгерушісі Антон Гордеев:

– Ата-ананың қысымы балаға сыныптастарының тарапынан көрсетілетін қоқан-лоқыға қарағанда түк емес. Ол оған қатты тимейді. Егер нашақорлыққа бейімділік балаға генетикалық жолмен берілсе, құрдастарының қысымы - есірткі мен ішімдікке бейімділік тудыруға түрткі болуы мүмкін.

Не себепті балалармен білікті мамандар жұмыс істемейді?

Ұлттық таэквондо федерациясының президенті Айдос Аманжолов:

– Тоэквандо жарыстары, сондай-ақ спорттық атақ пен категория тағайындау спорттық реестрге ресми енгізілмей тұрып-ақ басталды. Бұл спорт басқармасының лауазымдарды заңсыз беретіндігінің көрінісі. Алматы спорт басқармасындағы заң бұзушылық фактісін тексеретін комиссия құру керек, деген ұсыныс тастады.

№9 спорт мектебінің экс-директоры Тахир Кашкули мектептердегі түрлі заң бұзушылықтардың салдарынан кәсіби мамандар спортшы балаларды ынталандыра алмай отыр дейді. Олар жүйеге бағынбай, жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар, мемлекет меншігіндегі оқу орындарының бюджеті қазіргі таңда құпия екенін ескертіп, осы мәселені шешуді сұрады.

Бұрындары 36 спорт мектебі болса, қазіргі таңда олардың саны он шақты ғана. Мектеп азайғанымен, бала саны азаймады.

Тахир Кашкули

Психиаторлар педагог эмоцианалды сауатты болған жағдайда ғана баламен жұмыс істеуге мүмкіндік алуы керек дейді.

Жоғары санатты психиатр Андрей Соболев:

–  Білім беру жүйесінде білікті мамандар тапшы. Олар қысымға ұшыраған балалардың психикалық жағдайы мен патологияларды анықтай алады. Қорлық көрген бала тұрақсыз психологиялық жағдайда болады. Оның қауіп-қатерге ұшыру деңгейі жоғары. Егер оған уақытылы араласпаса, ол депрессияғы ұшырап, артынша өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін.

Бизнес-тренер Әсел Мұратова Нұр-Сұлтанда 1000-нан астам мұғалімдер мен ата-аналарға тренинг өткізіп, буллинг көзі мұғалімдер болып табылады деген шешімге келген.

– Біз буллингты азайту мақсатында мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың эмоционалды интеллектісін дамытуды, сондай-ақ оған қарсы тұру қабілетін дамытуды ұсынамыз. Халықаралық тәжірибеде эмоционалды интеллектті жоғары мұғалімдер ғана балалармен жұмыс істей алады. Біздің педагогтерімізде эмоционалдық сауаттылық төмен. Мұнымен жұмыс жасау керек.

«Неге сен үй тапсырмасын орындамайсың?» деп сыныптастарының алдында ұрысатын ұстаз баланың мысын басады. Оқушының сабаққа деген қарым-қатынасы өзгеріп, білім алуға еш ынтасы болмайды. Ал егер педагог «Мен сенің үй тапсырмасын орындағаныңды қалаймын, сен үлкен жетістіктерге жетесің» деген тактиканы қолданса, баланың оқуға құмарлығы артар еді. Бізге мұнымен көп жұмыс істеу керек.

Буллингтен қалай арыламыз?

Ал Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ата-аналар бастамашыл тобының мүшесі Ринат Хамеди сыбайлас жемқорлықтың спортқа тигізетін кері әсерлері туралы айтты.

– Мен талантты балалар буллинг салдарынан спортты тастап, тіпті елден кетіп қалған жағдайлар болды. Ата-аналар жаттықтырушылар мен басшылықтың қыспағынан қорқып, көптеген мәселені көре тұра айтпайды. Ересектер спортта балалармен жұмыс істейтіндіктерін ұмытып кеткен сияқты. Мұндай қарқынмен Алматыда Олимпиада чемпиондары жақын арада шықпайды.

Оның айтуынша, негізгі қауіп-қатер жабдықтармен қамтамасыз етуде, спортшыларды тамақтандыру және оқу-жаттығу жиындарында, сондай-ақ ұлттық құрамаларға іріктеу критерийлерінде. Сондай-ақ, балалар спорт мектептерінің коммерциялық қызметін бақылауға алып, жаттықтырушылардың жалақысын көтеру маңызды.

Спорт мектептеріндегі шағымдарды, бюджеттерді, мәселелерді және басқа да жағдайды қадағалауға болатын ашық жүйе құру ұсынылды. Хамеди тіпті оның прототипін тегін жасауға дайын.

Бұл бюджеттен бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқанына есеп беруге ыңғайлы.

– 2020 жылы карантин болды, бұл жылы ешқандай шығын болмау керек еді. Бірақ бір мектепте 5 миллион, екіншісінде 67 миллион теңге жұмсалған. Бұл ақша қайда кетіп жатыр?

Біз шығындар қатысты мәліметтер көпшілікке жария болғанын қалаймыз.

Ринат Хамеди

Дөңгелек үстелде көтерілген бұл мәселеге қатысты Ирина Смирнова таэквондо федерациясына депутаттық сауалнама жүргізуге уәде берді.

– Айтылған сөздерден кейін біраз алаңдап тұрмын. Мен Алматы спорт басқармасындағы адамдардың құқықтары бұзылып жатқанын естіп отырмын. Кейде шенеуніктер ақшаны оларға емес, балаларға бөлінгенін ұмытып кететін сияқты. Біз Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бабақұмаровпен кездесіп, бәрін ретке келтіруге тырысамыз, деді Смирнова.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар