Сөзге қалған қырғыз президентінің жиені спортшымен шаңырақ көтерді
Коллаж: Orda.kz
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрқожаева Олимпиада құрамасының мүшесі, грек-рим балуаны Амантур Исмаиловқа тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрқожаеваның ұзату рәсімі «Ата» мейрамханасында өткен. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан той төрінде Қырғызстан президентінің ағасы – Сабыр Жапаров пен Ләззат Нұрқожаеваның әкесі Дулат Жапаровтың жүргенін көруге болады.
Ләззат Нұрқожаеваның күйеуі белгілі спортшы, балуан және Париж Олимпиадасының қатысушысы. Ерлі-зайыптылардың үйлену тойы 21 ақпанда өтеді.
Еске салайық, өткен жылдың жазында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Ләззат Нұрқожаева сөзге қалған. Оған күйеу жігіті тікұшақпен келіп сөз салып, қырғыз қоғамын шулатқан еді. Екі ғашық ТЖМ тікұшағын жалға алып, Бішкек маңындағы тауда үлкен іс-шара ұйымдастырды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиені Ләззат Нұрқожаеваның тқрмысқа шығуға ұсыныс алған видеосына байланысты елінен кешірім сұрады.
Алайда көп ұзамай Афтандил Сабырбеков ұсталып, екі жас екі жаққа кетті. Араға жарты жыл салып Ләззат Нұрқожаева спортшы жігітке тұрмысқа шықты.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады