«Соттың қателігі»: 38 жыл түрмеде отырған адамның жазықсыз екені анықталды
Фото: news.sky.com
Кісі өлтірді деген айыппен 38 жыл түрмеде отырған британдық Питер Салливан сотты жеңіп шықты. Бұл іс Ұлыбританиядағы ең ұзаққа созылған сот қателігі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, 1986 жылы 21 жастағы бармен Диана Синдалл Беркхенд қаласында өлі табылды. Ол жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Қызды әлдекім ұрып-соғып, зорлап, кейін өлтіріп кеткен. Бойжеткенді өлтірді деген айыппен 29 жастағы Питер Салливан ұсталды. Ол 1987 жылы түрмеге жабылды. Сотталған адам өзінің кінәсіз екенін үнемі айтып, бірнеше рет шағым түсірген. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды.
2021 жылы ер адам қайтадан апелляциялық шағым түсірді. Комиссия тағайындаған жаңа сынақтар нәтижесінде ер адамның кінәсіз екені анықталды. 13 мамырда Питер Салливанға тағайындалған үкімнің күші жойылды. Питер Салливан қазір 68 жаста.
Уэйкфилд түрмесінен бейне тыңдауға қатысқан Питер Салливан үкімнің күші жойылғанын есітіп, жылап жіберді.
«Мен 38 жыл жасамаған қылмыс үшін бас бостандығымнан айырылдым. Мен ашуланбаймын. Мен өзімнің жақындарым мен отбасыма ертерек оралуым керек. Өйткені мен қалған уақытты тиімді пайдалануым қажет»,– деді Питер Салливан.
Сот барысында 1987 жылы Салливан соты кезінде ДНҚ талдауын анықтау және салыстыру технологиясы болмағаны және жаңа сынақтарды жүргізу туралы кейінгі сұраулар қабылданбағаны атап өтілді.
Еске салайық, музыкант P. Diddу қыз зорлағаны үшін 50 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық