Сотталған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Бақауов жол апатына ұшырады
Фото: pavon.kz
14 ақпан күні Павлодар-Қызылорда тас жолында жол көлік апаты орын алды. Апат кезінде істі болған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов зардап шекпеді.
Lexus жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, жолағын ауыстырмақ болып, басқа көліктерге жол бермей, қарсы бағыттағы Lexus көлігімен соқтығысты, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққыдан кейін Lexus LX 570 бағытын өзгертіп, 33 жастағы жүргізуші басқарған ГАЗель көлігіне соғылған. Жол талғамайтын көліктердің бірінде, болжам бойынша, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов болған. 33 жастағы «ГАЗель» жүргізушісі оқиға орнынан Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды.
Бас бостандығын шектеу дегеніміз нені білдіреді?
Мамандандырылған органға ескертпей тұрақты тұрғылықты жерін және жұмысын өзгертпеуге, белгілі бір жерлерге бармауға, бос уақытында тұрғылықты жерінен шықпауға, арнайы органның рұқсатынсыз басқа аймақтарға шықпауға тиіс.
Бақауов 2020 жылғы 27 мамырдағы сот үкімімен Павлодар қаласының пробация қызметінің есебінде тұр. Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Orda.kz сайтына хабарлағандай, Бақауов пробация қызметінің жазбаша хабарламасынан кейін кеткен.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 66-бабына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталған:
- 1) сот жүктеген міндеттерді орындауға;
- 2) пробация қызметінің талаптарын сақтауға;
- 3) пробация қызметінің ұсынуы бойынша сот айқындаған орындарға бармауға;
- 4) пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты, жұмыс, оқу орнын өзгертпеуге;
- 5) пробация қызметіне хабарламай әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен шықпауға;
- 6) онымен тiркеу және тәрбие жұмысы үшiн белгiленген күндерде пробация қызметiне келуге.
Сонымен қатар, бас бостандығын шектеуге сотталғандар пробация қызметінің есебінде тұруы қажет. Айта кетерлігі, бұл жаза түрі тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Барлық сотталғандарға бірдей бақылау шаралары қолданылады.
Бақауов не үшін сотталды?
2020 жылдың мамыр айында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов немере інісінің салық төлеуден жалтарған компаниясының қаржылық мүдделерін қорғауға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған болатын.
Бұрынғы әкім прокурормен мәмілеге келіп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Павлодар облысының экс-әкімі сотқа мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жазғанымен, сот оны қанағаттандырудан бас тартты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық