«Соттағы әділетсіздік»: Қызылордадағы зорланған 16 жасар қызға қатысты сот басталды
Коллаж Orda.kz
Бүгін Қызылордада кәмелетке толмаған қызға жасалған қатыгез қылмысқа қатысы бар деген күдіктіге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда бұл сотта «НеМолчиKz» жетекшісі Дина Таңсәрі алғашқы күннен-ақ іс жүргізу тәртібінде айтарлықтай бұзушылықтар болды деп мәлімдеді. Сотта жәбірленушінің адвокаттары істі алдын ала тергеуге қайта жіберуді сұрап, өтініш айтты. Бұған себеп — күдікті рөлінің толық қаралмауы және оның әрекеттерінің ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде сараланбауы.
Жәбірленуші өз басынан кешкен жан түршігерлік оқиғаларды баяндап берді.
«Оны алып қашып, өлтіреміз деп қорқытып, жалаңаш суретке түсіріп, ақша талап еткен. Тіпті, егер «өліп қалсам айғақ болсын» деген оймен, көліктің ішіне тырнағын салып кеткен. Алайда, барлық деректерге қарамастан, сот бұл өтінішті қабылдамай, істі өзгеріссіз қалдырды. Бұл күдіктілердің жазасын жеңілдетуге себеп болуы мүмкін», — деді Дина Таңсәрі.
Сонымен қатар, сот ашық өтіп жатыр. Ал қылмыс кезінде жәбірленуші небәрі 16 жаста болған. Заңға сәйкес, мұндай істер жабық түрде қаралуы тиіс.
«Қазіргі таңда жәбірленуші 17 жаста, сондықтан оның жеке басына қатысты деректерді көпшілік алдында ашық жариялау бала құқықтарын өрескел бұзу болып саналады», — деді Дина Таңсәрі.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшісі жәбірленуші қыздың анасынан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық