«Сотқа беремін»: Депутаттың 25 жастағы «тоқалы» тағылған айыпқа жауап берді
Коллаж: Orda.kz
Түркістан облысының 25 жастағы мәслихат депутаты Нұрайым Шахимерген мәжілісмен Темір Қырықбаевпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрайым Шахимерген журналист Айдос Тұрғанмен сұхбаттасты. Нұрайым Шахимергеннің айтуынша, желідегі өзі туралы тараған ақпарат оған қысым көрсетудің бір түріне айналған. Ол болып жатқан жағдайды кибербуллинг деп бағалап, өзін саясаттан шеттетуге бағытталған әрекет деп санайды. Ол депутаттық мандатын тапсыруға ниетті емес екенін баса айта кетті.
«Бұл ақпаратты таратқан адам, мені қызметінен кетіп, мандатын тапсырады деп ойлаған шығар. Бірақ мен бұл орынға халықтың дауысымен, қарапайым азаматтардың қолдауымен келдім, енді шегінуге жол жоқ. Мұны кибербуллинг деуге болады. Алға қарау керек», – дейді Нұрайым Шахимерген.
Нұрайым облыстық мәслихат депутаттары жалақы алмайтынын атап өтті. Оның пікірінше, көптеген қазақстандықтар жергілікті депутаттар бюджетті басқарады деген қате түсінікте екен.
«Облыстық мәслихат депутаттарына ешқандай айлық төленбейді. Бұл — қоғамдық жұмыс. Көбісі депутат болдың, облыстың бюджеті сенің қолыңда деп ойлайды. Бұл орын кімге керек? Өздерінің пайдаларына жаратамыз дейтіндер де бар. Қазір Жаңа Қазақстан. Ешкім ешқандай артық қимыл жасай алмайды. Бұл мандат халыққа жұмыс істеу үшін беріліп отыр. Жастарды жолдан тайдырып, құйтұрқы әрекетке баратындар бар. Мысалы мен ол кісілердің немерелерімен жастымын», — деді ол.
Нұрайым Шахимерген журналистке жасөспірім кезінен қоғамдық жұмыстарға кіріскенін айтты. Ол 2006 жылы әкесінен айырылып, анасы және екі бауырымен қалғанын да ашық айтты.
«Мен депутат болсам, бұл ең алдымен табандылығымның арқасы. Теледидарда жұмыс істедім, диктор болдым, филармонияда өнер көрсеттім, кейін университетте ректордың көмекшісі болдым. Мен бай отбасыдан шықпағанмын. Мені расында да халықтың өзі сайлады. Көп дауыс жинадым. Мен сайлауға «Аманат» партиясынан емес, өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде түстім, қазір де ешқандай партияның мүшесі емеспін», – деді ол.
Сұхбат барысында жас депутаттың отбасы туралы да сөз қозғалды. Ол мәжілісмен Темір Қырықбаевпен қарым-қатынасы сайлаудан кейін басталғанын, ал қазір ерлі-зайыптылардың ортақ баласы бар екенін айтты. Депутаттың айтуынша, күйеуімен жас айырмашылығы — 15 жас екен.
Шахимерген «сыйлық ретінде» мандат алды деген әңгімені жоққа шығарды. Сонымен қатар, жас депутат өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бергелі жатыр. Ол сот отырысының ашық өтуін талап етуді көздеп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрайым Шахимергеннің күйеуі Темір Қырықбаевтың сөздері талқыға түскен еді.
«Әлеуметтік желілерде мен туралы түрлі жазбалар тарады. Тіпті, мен оған мәслихаттағы депутаттық орнымды және басқа да нәрселерді сыйладым деген ақпарат бар. Мұның бәрі ақылға қонбайды! Ол өз сайлау округінен халықтың дауысымен сайланған. Бұл сұрақтарды аумақтық сайлау комиссиясына қоюға болады. Тіпті сайлаушыларға «Оған дауыс беріңдер, депутат болсын» деген де жоқпын», – деді депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық