Сот залында қолын кескен қыздың ісіне қатысты тың ақпарат
Фото: бейнеден кадр
10 желтоқсан күні Қарасай ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында сотталушы Елизавета Терентьева өзіне қол жұмсады. Ол Қазақстанға құны 500 млн теңге есірткі тасымалдауға әрекет еткен деп айыпталуда, деп хабарлайды Orda.kz.
12 желтоқсан күні адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының ұйымдастырумен пресс-конференция өтті. Есірткі тасымалды деп айпталып отырған сотталушылар Елизавета Тереньтеваның анасы - Полина Терентьева және Айя Сағындықтың анасы- Мейрамгүл Қасымбекова сөз сөйледі.
2023 жылдың күзінде Айя Сағындық пен Елизавета Терентьева салмағы 25 келі есірткі жүктерін Қазақстанға тасымалдауға әрекет жасады деп айып тағылды. Алайда, қыздар оқиға орнында емес жүк жеткізілетін жердің маңында жүрген.
Сотталушылардың аналары , қыздарың жөн-жозықсыз соттап жатыр деп шырылдап жүр. Біреуі тіпті әділдік іздеймін деп Алматы облысының прокуратура ғимаратында өз-өзін өртеп жібермекші болған.
Сонымен қатар, сот отырысы кезінде сот алқабилерге қысым көрсетіп, сот процесін айқын айыптаумен жүргізеді деп санайды. Осыған байланысты олар сотты ауыстырып, қазылар алқасын таратуды талап етіп отыр.
«Сот отырысы кезінде қыздар өздерін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыруды өтінді, алайда ешкім шақырмады. Кейін қызым өзіне қол салды», дейді Терентьева
Сот отырысы өтетіні жайлы бір күн бұрын, яғни 9 желтоқсан күні кешке белгілі болды. Сол себептен сот отырысына біздің адвокатымыз келе алмады .
Тергеу кезінде азаптау болғаны жайлы Терентьева қызының қолындағы жарақаттарынан байқады. Алайда қызы азаптау болмағаны жайлы айтады.
«Тергеу кезінде ҰҚК ғимаратында азаптау болды, қолдарында қанға дейін жарақаттар болды. Алайда қызым "мені ұрмайды , мені азаптамайды, бәрі жақсы"», деп айтты Полина Терентьева
Сондай-ақ, тергеу кезінде қыздардан ешқандай жауап алынбағанын айтты.
«Жауап беру кезінде, барлық тергеу мәтіндері дайын болды, оларға тек қол қойғызды», деді Теретьва
Осындай өрескел заңбұзушылықтың орнағаны жайлы Мейрамгүл Қасымбекова да қостап отыр.
«Психологиялық қысым көрсетті. Алдымызға дайын жауап алу мәтіндер беріп , тек қол қойып бересің деді. Тергеудегі жауап менікі емес, менің сөздерім емес», дейді Қасымбекова
Сот залында орын алған оқыс оқиғадан кейін, сот отырысы тоқтатылып 23 желтоқсанға ауысты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық