«Сот үкімі»: Коммуналдық меншік қалай арзанға сатылды?
Фото: Pexels
Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы коммуналдық меншікті 111 есе төмен бағамен заңсыз сату фактісін анықтады. Прокуратура қызметкерлері үшінші тұлғаларға мүлікті беру кезінде өрескел заң бұзушылықтар болғанын анықтады.
Бұл туралы Жамбыл облыстық прокуратурасы хабарлады.
2008 жылы «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы міндетті конкурс өткізбестен, өндірістік базаны 270 мың теңгеге сатты. Бұл мүліктің нарықтық құны 30 миллион теңге болған. 2022 жылы заңсыз иеленуші бұл мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге қойып, қарыз алды.
2023 жылы 18 қазанда Талас ауданының прокуратурасы осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәсіпорынның бұрынғы басшысын қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптады (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі). Алайда, тергеу қылмыс мерзімі өтіп кеткендіктен тоқтатылды.
Соған қарамастан, артынша әділ шешім қабылданды. Биыл 22 ақпанда Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокурорлық қадағалау актісі негізінде талап арызды қанағаттандырып, сатып алу-сату және кепіл шарттарын заңсыз деп таныды. Апелляциялық инстанция бұл шешімді 22 мамырда растады. Сот шешімі заңды күшіне енді, мүлік мемлекетке қайтарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық