Сот үкімі: Әнипа Назарбаеваның компаниясы мемлекетке 10 млрд шығын әкелді
Коллаж Orda.kz
Алматыда Қытайдан тауарларды заңсыз әкелу және жалған шот-фактуралар арқылы жүзеге асырылған ірі қылмыстық жүйеге қатысты сот отырысы аяқталды. Алмалы аудандық сотының үкімімен бірнеше айыпталушы 1,4 жылдан 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Іс фигуранттарының бірі қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Компания онға жуық өзіне бағынышты ЖШС арқылы жалған шот-фактуралар жазып отырған.
«Group of the Companies TDA» ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытай Халық Республикасынан 100-ден астам контейнерді контрабандалық жолмен әкелген», – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Мемлекетке келген шығын 10 миллиард теңге деп бағаланды. Төленбеген қосылған құн салығы (ҚҚС), корпоративтік табыс салығы және кеденде төлеуі тиіс қаражаттар бар.
Сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекетке тек 643 миллион теңге қайтарылған. Сонымен қатар, 1,3 миллиард теңге тұратын тауарлар, сондай-ақ 300 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді.
47 контрагент ерікті түрде есеп айырысудан бас тартып, 240 миллион теңге салық төледі.
«Group of the Companies TDA» ЖШС Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы — Әнипа Назарбаеваға және Әли Қылышпаевқа тиесілі.
Бұл компания Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде 2014 жылы 15 қыркүйекте тіркеліп, 2018 жылы 6 наурызда қайтадан тіркеуден өткен. 2021 жылы 28 шілдеде Әли Қылышбаев Жанболатұлы басшылыққа тағайындалған. Орналасқан жері ретінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, М.Әуезов, 66 деп көрсетілген. GROUP OF THE COMPANIES TDA 2021 жылы мемлекетке 14,5 млрд салық төлеген.
Құрылтайшылар:
- 1. Назарбаева Әнипа Әбішқызы;
- 2. Қараев Рүстем Жауымбайұлы;
- 3. Серікбаев Бауыржан Тұңғышбайұлы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы — Әнипа Назарбаеваға қатысты қызықты деректер көп. Соның бірі Қаңтар оқиғасынан кейін белгілі болды. «Кенжехан-2» базарын сол кезде басқарған компанияның құрылтайшыларының қатарында осы Әнипа Назарбаева болған.
Еске сала кетсек, Orda.kz тілшілері Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасынан бірінші президент пен оның қыздары және күйеу баласының ЖСН нөмірлері жоқ екенін анықтады. Топшылап көрсек, бәлкім бұл азаматтар Қазақстанда тұрмауы мүмкін. Себебі ЖСН-нің күшін жоюдың бір себебі — азаматтың тұрақты тұру үшін басқа мемлекетке көшіп кетуі. Толығырақ материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық