Сот үкімі: Ақтөбеде құмар ойынға қатысы бар жүкті 3 әйелдің біреуі перзентханаға жіберілді
Фото нейрожелі арқылы жасалды
Ақтөбеде онлайн құмар ойын ұйымдастырған ағайынды жігіттердің бірі әйелімен бірге сотталып кетті. Ұйымдасқан топқа қатысушы деп айыпталған 7 әйел, соның ішінде 3 жүкті келіншек те жазаны абақтыда өтейді. Үкімнен кейін толғағы қысқан бір келіншекті перзентханаға алып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін Ақтөбе қалалық сотында онлайн құмар ойын ісін ұйымдастырғандарға қатысты үкім оқылды.
Сот залында сотталушылар мен олардың туыстары айқай шығарды. Судьяға үкімді үзуге тура келді.

Сот залынан қамауға алынған әйелдер қолдарына кісен салынғанда жылап жіберді.
Жүктіліктің 39-аптасындағы келіншектің үкімнен кейін толғағы қысып, жедел жәрдем шақырылды.
Іс «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру», «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру» баптарымен қаралды.
Сот Ақтөбе және Астана қалаларында онлайн ойынхана ұйымдастырды деп айыпталған 9 сотталушыны кінәлі деп таныды. Оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бәрінің мүлкі және ұялы телефондары тәркіленеді.
Ағайынды Еркебұлан Қосжанов пен Салауат Қосжанов 8 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға тиесілі «Lexus» автокөлігі, 9 млн теңге, MacBook, ноутбук және ұялы телефондары тәркіленеді.
Онлайн ойынхананың әкімшісі деп танылған сотталушының әйелі Нұрлыгүл Құрманалы мен Айнұр Ақжанова 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға тиесілі «Hyundai», «Toyota Corolla» автокөліктер тәркіленді.
Оператор-кассир Алевтина Закаряева мен Карина Төреғазинаға 5 жыл түрме жазасы кесілді.
Касса қызметіндегі басқа сотталушылар Несібелі Титанова, Айдана Серікбаева және Бибінұр Мухсидинова 2 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Сотталушылардың барлығы жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Олардың қорғаушылары сотқа апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді.
Сотталушылар тағылған айыппен келіспейді.
«Жарыссөз кезінде екі күн бұрын перзентханаға алып кетті. Бүгін сотқа өзіміз келдік. Қазір оның толғағы басталды. Кішкентай баласы бар, екі жылға бас бостандығынан айырып тұр. Келіспейміз», — деді соттаушының туысы Анастасия Ермұханова.
Толғағы қысқан келіншекті жедел жәрдем алып кетті.
«Менің жолдасымды ұйымдастырушы деп тұр. Бірақ біздің ешқандай қатысымыз жоқ. Ол 2011 жылдан бастап вахтада істейді. Мен колледжде инспектор болып жұмыс істедім. Жолдасым ағасына көмектескен, сөйлескен. Соны бізге жауып тұр. Екі балам бар. Ол сотта ішінара мойындады», — деді сотталушы Нұрлыгүл Құрманалы.
Іс материалдарына сүйенсек, ағайынды Қосжановтар 2022 жылы ойын бизнесін ұйымдастырып, табыс таба бастаған. Клиенттер Ақтөбе облысының территориясы мен Астана қаласында онлайн қатысқан. Ағайындылар қылмыстық іске бұрыннан онлайн ойынханада жүрген адамдарды қосады. Еркебұлан Қосжанов өзінің әйелі Құрманалы Нұрлыгүлді әкімші етіп қояды. Екінші әкімші қызметін бұрыннан танысы Ақжановаға береді. Ақжанова өзі танитын А. Закаряева, Несібелі Титанованы оператор- кассир болуға шақырады.
2024 жылдың мамыр-маусым айларында Бибінұр Мухсидинова, Айдана Серикбаева, Карина Төреғазина топқа кіреді. 2022-2024 жылдар аралығында қылмыстық топ мүшелерінің банк карталарына үнемі ақша түсіп отырған. Бұл арнайы органдарының назарына ілікті.
Пәтерді жалға алып, адамға бонус, акция туралы хабарламалар жіберіп, заңсыз ойынға шақырды деп айыпталды.
«Екі ағайынды ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары және 7 қыз ұйымдасқан топқа қатысушы ретінде танылды. Қылмыс 2022 және 2024 жылдары болған. Оны анықтау үшін арнайы тергеу әрекеттері жүрді. Салават Косжанов бұрын ҚК-тің 307-бабымен қылмыстық жауапқа тартылған. Бүгін барлық сотталушы кінәлі деп танылды», — деді прокурор Усман Орынбасарұлы.
Еске сала кетсек, Orda.kz Ақтөбеде онлайн ойынхана бойынша айыпталған ағайындылар мен тағы 7 адамға қатысты істің жарыссөзі басталғанын хабарлаған болатын.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық