Сот шикі газды шектен тыс жаққан Қашағандағы оператордан миллиардтаған қаржы өндірді
Фото: azh.kz
Қашаған кен орнының операторы шикі газды шектен тыс жаққаны үшін Астананың экономикалық соты North Caspian Operating Company N.V.-дан (NCOC) мемлекет пайдасына 3,5 млрд теңге өндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Батыс өңіраралық басқармасы» мемлекеттік мекемесі сотқа шағым түсірді.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекетке келтірілген зиянды өндіру туралы талап арыз бойынша іс қаралды.
Сот Энергетика министрлігі кен орнында кешенді тексеру жүргізгенін анықтады.
«Тексеру қорытындысы бойынша Қашаған кен орнында көмірсутектер мен көмірсутекті емес газдардың көпкомпонентті қоспасын рұқсатсыз шектен тыс жағу фактілері анықталғандықтан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды» деп жазылған сот хабарламасында.
NCOC филиалы ӘҚБтК-нің 356-бабының 3.5-бөлігінде (Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу қағидаларын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Бұл Қазақстанның консорциумға қарсы бірінші талабы емес. 2023 жылы үкімет NCOC-ты көп мөлшерде күкірт сақтағаны үшін 2,3 триллион теңге (4,8 миллиард доллар) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген болатын
Бұған қоса, жоғалған пайданы, сондай-ақ болжамды қоршаған ортаға келтірілген залал мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты шығынды өтеу үшін халықаралық арбитражға 160 миллиард доллардан астам талап қойылды.
Бүгінгі таңда ашылған ең ірі және ең күрделі теңіз кен орындарының бірі Қашаған кен орны, оның геологиялық қоры 4,65 миллиард тоннаға бағаланған біртұтас көмірсутек қоймасы бар. Қазіргі уақытта консорциумға Eni, Total, ExxonMobil, Shell, CNPC, Inpex және НК ҚазМұнайГаз сияқтықатысушылар кіреді.
Солтүстік Каспий жобасы Қазақстан Республикасындағы теңіздегі мұнай және газ кен орындарын игеруге арналған алғашқы ірі жоба. Жоба үш кен орнын қамтиды: Қашаған, Қайран және Ақтоты.
Жаңалықтар
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл
- Филиппиннің экс-президенті 76 адамды өлтіруге қатысы бар деп айыпталды
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды