Сот шешімін орындау кезінде соққы алған адам денсаулығы туралы айтты
Бүгін Алматы қаласында үй иесінің соққысына тап болған сот орындаушы Әділ Ермеков денсаулығында кінәрәт жоқ екендігін айтып видео түсірген, ол желіде жарияланды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Мақсот Ысқақовтан соққы алған сот орындаушысы өзіне тиген жұдырықтың бүйрек тұсына емес өкпеге тигенін, кішкене серпілген соң ауырсынулардың басылғанын айтты.
– Менде бәрі жақсы, аман-есенмін, мен оны (ұрған адамды - ред) отырғызамын, - дейді Ермеков.
Ал, үй иесі саналатын Мақсот Ысқақов үйді рәсімдеген кезде құжат бойынша жапсарлас құрылыс жүргізетіндігі көрсетілгенін жеткізді. Оның үйіне 4 қазан күні полицеймен бірге он шақты адам жапсарлас соғылған құрылысты бұзуға келіп, сүруге жатпайтын қақпаны сындырған. Ысқақовтың айтуынша, сот шешімі оған қатысты емес.
Ер адам тәртіп орнату үшін бірнеше рет полицияға шағымданған, кезекші прокурорды шақырған, ПД-не хабарласқан, бірақ олар ешқандай әрекет жасамаған.
Осы оқиғада сот орындаушыны қорқытып, үркітті деген осы үйде тұратын әйелдің інісі Жанқош Тұраров та өзінің бұл жағдайда ешқандай әрекетке бармағанын айтты.
– Тәтем үйдегі жағдайларға байланысты үйді тастап кете алмайтынын айтып, маған балаларды балабақшадан алып кетуімді сұрады. Мен ешкімді қорқытқан жоқпын, тек жағдайды түсінуін, адамдардың суық күнде баспанасыз қалатынын айттым - деді кәсіпқой боксшы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық