Сот отырысы: Полицейді қорқытып үйренген блогер кәсіпкерге қалай ауыз салды?
Фото: Instagram / Дамир Кушеев
2025 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ақша бопсалады деген күдікке ілінген блогер Дамир Кушеев пен өзге де айыпталушыларға қатысты қылмыстық істің қаралуы басталды. Блогер әуелі қызметінен айырылып қалудан қорыққан полицейді ақша беруге мәжбүрлеген. Кейіннен кәсіпкер Бахтияр Блаевты қорқытқан.
Orda.kz тілшісі алғашқы сот отырысына барып қайтты.
Істі судья Бақытхан Бәкірбаев жүргізді. Айыпталушылар орындығында — Андрей Белянский, Дамир Кушеев, Құрманғазы Айтмұханов және Руслан Кәрімов отыр.
Мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқып шықты. Құжатқа сәйкес 2023 жылдың тамызында блогер Дамир Кушеев Алматыда тұрақты табыс көзі жоқ бола тұра, әлеуметтік желідегі көп жазылушысын пайдаланып, заңсыз жолмен пайда табу көздеген. Ол мемлекеттік қызметкерлерге қысым көрсетіп ақша төлеуге мәжбүрледі.
Айыптау актісінде көрсетілгендей, 2023 жылдың 25 тамызда Бостандық ауданындағы «Mega» сауда орталығы аумағында Кушеев «102» нөміріне хабарласып, көршісінің самокаты жоғалғанын мәлімдеген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, одан арыз қабылдаған.
Осы сәттен кейін ол учаскелік полиция қызметкері Серік Утемовке қысым жасай бастаған.
«Кушеев полицейге, егер самокат ұры табылмаса, Instagram парақшасында теріс ақпарат жариялайтынын ескерткен. Бұл оның қызметтік беделіне соққы болар еді. Өз мәнсабына зиян келмесін деп қорыққан Утемов Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы Кушеевке 100 мың теңге аударған. Прокурордың сөзінше, осыдан кейін Кушеев оны «мазалауын тоқтатқан», – деді прокурор.
Алайда, жазасыз қалғанын сезген Кушеев 2025 жылдың қаңтарында Құрманғазы Айтмұхановпен бірігіп, жаңа қылмыстық жоспар құрған.
Тергеу деректеріне сәйкес, олардың қармағына кәсіпкер Бахтияр Блаев ілігеді. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталып, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан болатын.
Осы жағдайды пайдаланған Айтмұханов көлікпен қасақана соқтығысып, Блаевты тоқтатты. Соқтығысудан кейін Блаев көлігінен шыққан кезде, оны бейнежазбаға түсіріп тұрған Айтмұхановты байқайды.
«Жәбірленуші жазбаның жариялануы оның құқықтық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін деп қорқып, оқиға орнынан кетуге тырысқан. Бірақ Айтмұханов оны қуып жетіп, «Royal Petrol» жанармай бекетінде тоқтатуға мәжбүрледі. Осы кезде жанармай бекетіне блогерлер Кушеев пен Кәрімов те келді», – деді айыптаушы тарап.
2025 жылғы 22 қаңтарда заңгерлік кеңесте өткен кездесуде Блаевқа қысым күшейе түскен. Ол сол жерде 20 миллион теңге және 6 миллион теңге тұратын муляжды беруге мәжбүр болған.
«Осылайша айыпталушылардың жалпы талап еткен қаржысы 30 миллион 541 мың теңгеден асты», – деді прокурор.
Сонымен қатар, прокурордың айтуынша, сотталушы орындығындағы Белянский Блаевқа қосымша екі талап қойған:
- 16 миллион теңгені қайтару;
- ағы 4 миллион теңгені «ПрестижДарСтрой» ЖШС-не тиесілі арнайы техниканы жөндеуге бөлу.
Мемлекеттік айыптаушы бұл талаптардың ешқандай құжат бойынша негіздемесі болмағанын атап өтті.
Қорғау тарабы бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш түсіргенімен, сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ. Сондай-ақ, сот істі алқабилердің қатысуымен қарау жөніндегі өтінішті мақұлдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық