Сот Ақбұлақ атқышының үйі неге арзанға сатылғанын айтты
Суретте атқыштың үйі Фото: Orda.kz
Алматы қалалық соты неге арты атысқа ұласып, бес адамның өмірін қиған даулы үй арзанға сатылғанын айтты.
Бұл туралы Orda.kz Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Олардың айтуынша, үйді аукционға қойғанда, оның бастапқы бағасы ешкімді қызықтырмаған.
– Бастапқыда кепілге қойылған нысан 184 млн теңгеге бағаланды. Бірақ бұл нарықтағы баға емес. Бұл — кәсіби бағалаушының субъективті бағасы. Мұндай бағалау аукционда сатудың бастапқы бағасын белгілеу үшін қажет. Нысанның нарықтық бағасы аукционда анықталады, ол сатып алушылардың сұранысына байланысты. Нәтижесінде Игорь Дужнов пен Анаид Демирчянның коммерциялық жылжымайтын мүлкін банк ұсынғаннан жоғары бағаға сатып алушы табылмады (96 млн теңге). Борышкерлердің өзі коммерциялық нысанды аукционда сатуға наразылық білдірген жоқ. Яғни олар аукцион аяқталғандағы бағамен келіскен, - деп түсіндірді қалалық соттың ресми өкілі.
Борышкерлер үйді өздері де сатуға қойса болар еді, бірақ олар өз мүмкіндіктерін пайдаланбаған көрінеді.
– Заң бойынша, Дужнов пен Демирчян кепілге қойған мүліктерін өздері сатып, банкпен есеп айырысуларына болар еді. Алайда олар бұл құқықты пайдаланбады. Қарызды қайтару туралы сот шешімі үш жыл ішінде (2017 жылға дейін) орындалмай қала берді. Егер борышкер қарызды қайтармаса, онда заң бойынша сот шешімі мәжбүрлі түрде орындалады. Ол үшін сот орындаушысы кепілге қойылған нысанды электронды аукционға қояды, - деді сотта.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық