«Сот мақұлдамады»: Бұрхан Жансейітовке Алматы прокуратурасы жеңіл жаза ұсынды
Фото: Бейнеден кадр
2022 жылы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстауға бара жатқан құзырлы орган қызметіне кедергі келтірген Бұрхан Жансейітовке Алматы қалалық прокуратурасы қайта-қайта жеңіл жаза беріп жатыр. Бірінші сот та, екінші сот та жеңіл жазаны қабылдамай, істі қайта прокуратураға қайтарды.
Orda.kz тілшісі осы істің шешімдерін ықшамдап назарларыңызға ұсынады.
Айып
Бұрхан Жансейітов Азаматтық кодекстің 293-бабының 3-бөлімі 2-тармағы мен 380-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топты ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне кедергі жасап, дөңгелегін тесіп, біреуін ұрып, балағаттап, оларды тоқтату үшін барын салған.
Сондай-ақ, оның дөрекілігі жазылған бейнежазба telegram арналарда тарап кеткен еді.
Оны сол кезде адвокат деп айтқан болатын. Алайда республикалық адвокаттар алқасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Басында Жансейітов өз кінәсін мойындап, процессуалдық келісім жасасуға келісті, оған сәйкес ол 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Соттың бірінші шешімі
Бірінші 2024 жылғы 24 мамырда шыққан шешімде сот прокурор берген жазаға келіспейді. Тым жеңіл жаза деп істі қайтарып береді.

Осылай Бостандық ауданының №2 соты істі прокурорға қайта жіберіп, жаңа келісім жасау қажеттігін атап өтті. Сот төрағасы ұсынылған жазаның қылмыс түріне және ҚР ҚК санкцияларына сәйкес келмейтінін білдірді.
Сот жеңіл жаза беруге келіспей отыр
2024 жылғы 23 шілдеде жаңа процессуалдық келісім ұсынылды. Оған сәйкес тараптар Жансейітовке 5 жылға бас бостандығынан айыру мен шартты жазаны және пробациялық бақылауды келісіп отырды. Бірақ сот тағы да келісімді қабылдамай, қылмыстың қоғамға қауіптілігіне сәйкес келмейтінін және жазаның жеңілдетілгенін мәлімдеді.

Іс бойынша прокурор мен сот жазаның әділдігіне қатысты келісе алмай отыр. Прокурор шартты жазамен пробациялық бақылауды талап етсе, сот жазаның қылмысқа сай болуы үшін қатаңырақ жазаны беру керек деп отыр. Осылайша бірінші сот қабылдаған шешімді өзгеріссіз қалдыру жайлы шешім қабылдады.
Orda.kz бұған дейін Бұрхан Жансейітов жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық