Сот Макс Боқаевтың арызын қанағаттандырмады
29 қаңтарда Атырау қалалық №2 соты белсенді Макс Боқаевтың УГ-157/9 мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты арызын негізсіз деп танып, қанағаттандырмады.
Істі жүргізген судья Зәуре Қазақбай Атыраудағы Макс Боқаев жазасын өтеп жатқан УГ-157/9 мекемесінде 18-26 қаңтар арасында интернет желісінің болмауына мекеме әкімшілігі емес, интернет желісіне жауапты «Қазақтелеком» АҚ жауапты екенін, дегенмен оның салдарын зерттеу аталған істің шеңберіне қарастырылмайтындығын айтты.
«Арызды қарап, тараптардың пікірлерін тыңдап, сотқа түскен материалды зерттеу барысында сот Макс Боқаевтың мүддесі мен құқын шектейтін заңсыз әрекетке негіз тапқан жоқ. Сол себепті сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты», деді Зәуре Қазақбай.
Қаулы заңды күшіне енгенше, он бес күнге ішінде апелляциялық шағым түсіруге болады.
Макс Боқаев 19 қаңтар күні сот болатынын білген анасының отырысты күткенін, онымен тіпті таксофон арқылы да сөйлесе алмағанын айтқан. Ал судьяның сөзінше, Макс Боқаев туған-туысымен желтоқсан айынан бері сегіз мәрте видео арқылы хабарласқан. «Ол тек 22 қаңтар күні ғана бір рет туысымен видеобайланысқа шыға алмай қалған» деді судья.
Естеріңзге сала кетсек, 19 қаңтарда Атыраудың №2 қылмыстық соты түрмеде аяқ асты интернет байланысы болмай қалғандықтан, Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Макс Боқаевқа үш жыл әкімшілік қадағалау тағайындау туралы өтініші абақтыда қаралған. Сот отырысын байланыс қалпына келген уақытқа кейінге қалдыруды сұраған Боқаевтың өтінішін судья қанағаттандырудан бас тартқан. Содан соң Боқаев пен оның адвокаты Жанар Сүндетқалиева судьяны ауыстыру туралы арыз беріп, онысы да нәтиже бермеді.
Осыдан кейін Макс Боқаев «абақтыда интернет байланысы болмай тұр» деген түрменің лауызымды тұлғаларының әрекетін заңсыз деп тану туралы шағым түсірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық