Сот үкімімен Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды
Сот үкімі бойынша Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды. Экс-банкирге 10 жыл бойы банктік және қаржылық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Мемлекеттік айыптау Ертаев кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, залалды ішінара өтегенін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.
Сот отырысы Алмалы аудандық сотының ғимаратында онлайн режимде өтті. Бұл іске Ертаевтан басқа 36 айыпталушы қатысты. Прокурор экс-банкирдің өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрағанын ескерді. Соңғы сөзінде ол «Құдай өзіне ақыл бергенін, алайда кей уақытта ардан аттағанын» мәлімдеді. Сондай-ақ Ертаев бостандыққа шыққан соң «Ешқашан өзгенікін алма» және «Нағыз бақыт деген не» тақырыбында кітап жазатынын айтты.
Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот былтырғы жылдың аяғында басталған. Тергеу деректері бойынша қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық