Сот ЭКСПО экс-басшысы Талғат Ермегияевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты
Коллаж: Orda.kz
Алматы облыстық соты ұлттық «Астана ЭКСПО — 2017» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің апелляциялық шағымын қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Биыл шілде айында сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату жайлы өтінішінен бас тартқан болатын. Қорғаушылары бұл шешімге апелляциялық шағым түсірген. Алайда бүгін сот бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды. Ермегияев 14 жыл жазасын өтеуді жалғастырады. Ақпаратты оның қорғаушысы Анар Құсайынова растады.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыруда шешуші рөл атқарған Ермегияев 2016 жылы 780 миллион теңге пара алды деп танылып, қатаң режимдегі колонияға қамалды. Ол колонияда шамамен 10 жылын өтеді.
Сот Ермегияевтен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының пайдасына 5,9 миллиард теңге өндіруді міндеттеді. Бұл қылмыстық іс бойынша тағы 22 адам сотталған.
Айта кетсек, Ермегияев 935 миллион теңге көлеміндегі шығынды мемлекетке өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық