Сот Инга Иманбайға ана тілінде пікір білдіруге рұқсат бермеді
8 шілде күні Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамайдың сот отырысы онлайн платформада өтті. Процеске судья, прокурор, қорғаушы және Инга Иманбай қатысты, бірақ Жанболат Мамайдың өзі болмады.
Сот отырысы кезінде Инга Иманбай мен қорғаушы Жанар Балғабаева процеске Жанболат Мамайды қосып, сотты оффлайн форматқа ауыстыру туралы өтініштерін айтты, десе де прокурордың ыңғайына қарай сот қашықтан өтетіні хабарланды.
Сот отырысы кезінде пікір айту кезегі Жанболат Мамайдың жары Инга Иманбайға келген кезде журналист пікірін қазақ тілінде айтуды сұрады, судья Алма Әбдіхалықова өтініш орыс тілінде берілгендіктен сол тілде жауап беруді талап етті.
- Егер қарсы болмасаңыздар маған қазақ тілінде ойымды жеткізу ыңғайлы. Өз ойымды қазақ тілінде айтамын, маған аудармашы қажет емес, - деген Инга Иманбай заң жүзінде оған құқығы бар екенін, аудармашының да қажет еместігін жеткізді. Сөз алған прокурор Ғазиз Қапбаров Жанболат Мамайдың әйелі бұған дейін орыс тілінде сөйлегенін, қазір тек процесті созу үшін осы әрекетке барып жатқанын алға тартты.
Кішігірім даудың соңы Инга Иманбайдың өз ойын ана тілінде жеткізуімен аяқталды.
Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай 2022 жылдың ақпан айынан бері қамауда. Әуелде ол қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған қаралы митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке, артынша екі қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған.
10 маусымда уақытша қамау мерзімі 9 шілдеге дейін ұзартылған. Оған «қарабет» дегені үшін құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, несие амнистиясына байланысты «жалған ақпарат» таратты деген айып тағылған. Жақында ғана Жанболат Мамайға қылмыстық кодекстің тағы бабы – 272-баптың 1-тармағы (жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру) және 274-баптың 4-тармағы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша айып тағылғаны белгілі болды.
Жанболат Мамайдың жақтастары мен адам құқығы саласындағы беделді халықаралық Human Rights Watch және Amnesty International ұйымдары белсендіні қудалаудың саяси астары бар екенін айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық