Сот Бекболат Тілеуханды ақтап шықты
Нұр-Сұлтан қаласының соты экс-депутат Бокболат Тілеухан журналист Айнұр Қоскинаға күш қолданғаны үшін кінәсіз деп шешті.
Сот отырысында экс-депутат журналистке дөрекі әрекет жасағанын мойындап, ашу үстіндегі қимылдары үшін одан кешірім сұрады. Бірақ Бекболат Тілеухан өз кінәсін толықтай мойындамады.
Айнұр Қоскина өз кезегінде сот ұсынған татуласу мүмкіндігінен бас тартты.
Журналистің адвокаты Әсел Тоқаева бұрынғы депутаттың кінәсін алға тартып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға шақырды.
Еске салсақ, журналистермен әңгімелесу барысында Бекболат Тілеухан Айнұр Қоскинаның сөздерінен «ілік іздеген», оның сұрақтары экс-депутатқа ұнамай қалған екен. Ауызша сөз таласудың соңы журналистің мәлімдемесіне айналды. Ол экс-депутат өзіне қол жұмсағанын, сонымен қатар жеке затын бұзғанын айтты. Полиция қызметкерлері парламент мәжілісіне журналист Айнұр Қоскинаның өтініші бойынша келді.
Айнұр Қоскинаның айтуынша, Бекболат Тілеухан мәжіліс ғимаратында сұхбат алуға тырысқан журналиске күш қолданған. Ол экс-депутат оның құлақ тұсына қол тигізгенін айтып, екіге бөлінген моноподын көрсетті.
Бекболат Тілеуханға қатысты оқиға болған жерге Айнұр Қоскина полиция шақырған. Сол кезде экс-депутат парламент ғимаратынан шығып кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық