Сот Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбайды ақтады
Атырау мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай мен сатып алу департаментінің директорына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Бұл туралы Атырау қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ресми деректерге сәйкес, сотталушылар алдын ала сөз байласу бойынша бір топ адамдар арасында өздерінің қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан, өзіне пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланды (ҚК 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) деп айыпталған.
«Жауапкерлерге 2019-2020 жылдары Атырау мұнай өңдеу зауытында «Мұнайды терең өңдеу кешенін» салу кезінде ЖШС жарғысы талаптарын және реттелетін келісім-шартты бұза отырып, өндіріп алу шараларын қолданбағаны үшін айып тағылды. Жеткізілген ақаулы жабдықтың құнын мердігерден немесе мердігердің кепілдік міндеттемелеріне сәйкес осы жабдықты ауыстыруды талап етпеген. Осылайша, тергеу деректері бойынша мемлекетке 2,9 миллиард теңгеден астам залал келтірілген» делінген хабарламада.
Сот Атырау мұнай өңдеу зауытындағы Кешен құрылысы кезінде жұмыс көлемі ұлғайғанын анықтады.
«Сонымен қатар, мердігерлер мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен расталған қосымша шығындарға ұшырады. Осыған байланысты тараптар қосымша келісімдер жасасып, оған сәйкес кепілдік көрсеткіштеріне қол жеткізе алмағаны үшін мердігерлерден қаражат ұсталғаны анықталды. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ кешен құрылысы кезінде оларға ешқандай залал келмегені туралы анықтама берген» деп жазылған Атырау сотында іс материалдарында.
Сот азамат С.-ның сатып алу департаментінің директоры Шухрат Данбайды барлық баптар бойынша кінәлі емес деп таныды. Олардың іс-әрекеттерінде өздеріне жүктелген қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты босатылды.
«Сот сотталушылардың қылмыстық процесті жүргізуші органы заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге, заңсыз қылмыстық қудалауға құқығы бар деп таныды. Азаматтық талап арыз қараусыз қалдырылды» деп хабарлады Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2022 жылдың ақпанында Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұған дейін ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық