Сот Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты сотталған ҰҚК сарбазын мерзімінен бұрын босатудан бас тартты
Фото: Ашық дереккөзден
Сот оппозициялық саясаткер Алтынбек Сарсенбайұлын ұрлап, кейін оны өлтірді деген айыппен 20 жылға бос бостандығынан айырылған Виталий Мирошниковті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Семей қалалық №2 соты Виталий Мирошниковтің мерзімінен бұрын босату жөніндегі арызын қарап, қанағаттандырмады.
Виталий Мирошников ҰҚК «Арыстан» арнайы жасағының сарбазы болған. 2006 жылы белгісіз жағдайда қайтыс болған Алтынбек Сарсенбайұлы және оның көмекшісі Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның өліміне қатысы бар деген айыппен, 20 жылға сотталған.
Саясаткерді екі бірдей көмекшісімен өлтірді деп айыпталып, мәңгілік бас бостандығынан айырылған Руслан Ибрагимов ісін қайта қарауды сұрап президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арыз жазған. Онда ол сол кездегі күштік құрылым басшыларынан қысым көргенін және қылмысқа еш қатысы жоқ екенін жазады.
2006 жылы 13 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Көктөбе және «12 бригада» ауылдары арасындағы жолда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен екі көмекшісі Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтың денесі табылған еді. Кейін 25 ақпанда парламент сенаты аппаратының басшысы – Ерлан Өтембаев ұсталды.
Өтембаев «үш адамды өлтіруге тапсырыс берді» деп айыпталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған. 2014 жылы үкім қайта қаралып, «қылмысқа айдап салушы» бабыман 13 жылға сотталған. 2018 жылы Өтембаев қайтыс болды. 2013 жылы бас прокуратура «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын мәнінде Рахат Әлиев (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы) тапсырыс берген» деген мәлімдеме жасады.
Бас прокуратура Ибрагимов 2012 жылдың сәуір айында Жоғарғы сотқа жүгініп, Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес – Рахат Әлиев пен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев екенін алға тартты.
Рахат Әлиев 2015 жылы Вена қаласында түрмеде жұмбақ жағдайда бақилық болды. Австрия полициясының ресми қорытындысы бойынша, ол түрмеде асылып өлген. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев қазір Австрияда тұрады. Ол елдің құқық қорғау органдары оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартқан.
Жаңалықтар
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді