«Соңғы ерлік»: Жетісуда балық зауытындағы жарылыстың алдын алған құтқарушы көз жұмды
Фото: Orda.kz
10 сәуір күні Жетісу облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылында орналасқан балық зауытында өрт шықты. Төтенше жағдай болған соң, жақын маңдағы 200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда 28 жастағы өрт сөндіруші қаза болды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Өрт шыққан балық зауытына келген кезде кіші сержант Рүстем Серікқалиұлы баспалдақпен дереу химиялық заттары бар қойманың үстіндегі шатырға көтерілген. Өрт сөндіріп жатқанда шатыр сынып, 3-3,5 метр биіктіктен зауыттың ішіне құлап, ауыр жарақат алды.


Өрт сөндіруші Үшарал қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда 11 сәуір күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Рүстем Серікқалиұлы өз өміріне қауіп төнетінін біле тұра, өрттің ең қауіпті жеріне ұмтылды. Оның көзсіз ерлігінің арқасында химиялық заттар (аммиак) сақталған қоймаға от тимеді. От тигенде ол жерде біраз шақырымға жететіндей жарылыс болатын еді.
Полицейлер мен құтқарушылар төтенше жағдай болған соң, жақын маңдағы 200 тұрғынды қауіпсіз жерге, нақтырақ айтсақ, Бескөл мәдениет үйіне апарған. Өртті ауыздықтағаннан кейін тұрғындар аман-есен үйлеріне оралды.
Рүстем Серікқалиұлының артында әйелі мен екі баласы қалды. Кенжесі екі жаста.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық